ЖОО сабақтарында әдеби психологизмді талдау әдістемесі

Авторлар

  • M. Келдибаева Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0003-3107-4416
  • И. Крупко ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-5349-0256
  • А. Демченко Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0635-9247

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2011202625

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – жоғары оқу орнындағы сабақтарда әдеби психологизмді талдау әдістемесін ғылыми тұрғыда негіздеу және оны оқу үдерісіне тиімді енгізудің жолдарын көрсету. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары – ЖОО-да әдебиетті оқыту әдістемесі, эпикалық шығарманы зерттеу. Ғылыми зерттеу идеясы – студенттерді қазіргі қазақ әдебиетіндегі психологизм құралдарын талдауды үйрету арқылы олардың әдеби құзыреттерін дамыту үшін қажет.

Бұл мақаланың ғылыми маңыздылығы оның материалдары жоғары мектепте әдеби шығармаларды талдаудың жаңа стратегияларын әзірлеу үшін тартылуы мүмкін. Жұмыстың практикалық маңыздылығы оның материалдары мен нәтижелерін әдістемелік ұсыныстар жасау, көркем әдебиет шығармаларында психологизмді зерттеуге арналған оқу құралдарын жазу үшін пайдалануға болатындығымен көрінеді.

Зерттеу әдістемесі студенттерді әдебиетке оқытудың пәнаралық тәсіліне негізделген. Зерттеу әдебиеттану, педагогика, тарихты оқыту әдістемесінің материалдары мен құралдарына сүйенеді. Мақаланың тақырыбын ашу үшін әртүрлі әдістер қолданылды.  Теориялық зерттеу әдісін қолдану әдебиеттану, педагогика, дидактика, әдебиетті оқыту әдістемесі бойынша ғылыми әдебиеттерді терең талдауға мүмкіндік берді. Бақылау әдісін қолдану студенттерді қазіргі қазақстандық әдебиеттегі психологизмді талдауға инновациялық оқытудың тиімділігін қамтамасыз етті.

Әдеби психологизмді талдаудың әзірленген әдістемесі нәтижелі болып табылады. Жұмыста психологизмді ескере отырып, әдеби шығармаларды зерттеу мәселелері шешіледі.

Түйін сөздер: көркем әдебиеттегі психология, Қазіргі Қазақстандық әдебиет, эпикалық шығарманы зерттеу әдістемесі, интерактивті оқыту.

Автор өмірбаяндары

  • M. Келдибаева, Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Келдибаева Мөлдір Есенгелдіқызы (корреспондент-автор)PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: m.keldibay@mail.ru);

  • И. Крупко, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы, Қазақстан, Алматы қ.

    Крупко Игорь Владимирович – PhD, ЮНЕСКО қамқорлығымен Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының ғылыми зерттеулер және сыртқы байланыстар жөніндегі директорының орынбасары (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: tengri95hismatulin@mail.ru);

  • А. Демченко, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Демченко Алена Сергеевна  – PhD, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: alenchika@mail.ru).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-23

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары