Жазба мұралар негізінде «Қазақ тілінің тарихи сөздігін» әзірлеу мәселесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh201120269

Аңдатпа

Күні бүгінге дейін «Қазақ тілінің тарихи сөздігі» жасалмай келеді, әрі көне, орта және жаңа түркі дәуіріне тән жазба ескерткіштер негізінде қазақ тілінің тарихи сөздік қоры толықтай жинақталған жоқ. Тіл тарихы бойынша ғалымдар тарапынан жүргізілген диахрондық зерттеулерде қазақ тілінің даму тарихынан хабар беретін мол ақпараттар мен этимологиялық талдаулар жетерлік. Алайда ондағы барлық тарихи мәліметтер жүйеленіп, тарихи лексикографиялық зерттеу нысанына алынбай отыр. Тарихи лексикалық қорды қолжазба, түпнұсқа мәтіндер негізінде толықтай жинап, әр сөздің семантикалық, фонетикалық және морфологиялық өзгерістерін анықтау арқылы ғана Тарихи сөздік құрастырылатыны мәлім. Мақалада Тарихи сөздіктің қажеттілігі, оның тіл дамуын зерттеудегі маңызы талданған. Ең алдымен, сөздік жасауға негіз болатын дереккөздерді іріктеу, олардан тілдік материал жинақтау, сөздердің семантикалық дамуын әр жазба ескерткіш негізінде анықтау, фонетикалық және морфологиялық өзгерістерді көрсету, реестрге алынатын сөздерді лексикографиялық жүйелеу жұмыстары жүргізілуі қажет. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен, тарихи деректер мен тілдік талдауға сүйене отырып жүргізілгенде ғана сапалы сөздік түзілетіні мәлім. Тарихи сөздікте тұтас халықтың ұлттық санасы мен ұлттық идеясы көрініс табатынын ХХ ғасырдың басында-ақ ғалымдар мен зерттеушілер негіздеп кетті. Тарихи сөздік әрқашан ұлттық сана-сезімнің оянуына да ықпал ететінін жоққа шығара алмаймыз.  Қазақ тіліндегі тарихи базалық лексиканың дамуын диахрондық аспекті негізінде көрсету – Тарихи сөздіктің басты міндеті. Мұндай сөздікте көне дәуірлерге тән лексемалардың қазіргі тілдік жүйеде сақталып қалуы, семантикалық тұрғыдан өзгеріске ұшырауы, мағыналық жақтан жаңғыруы немесе қолданыстан шығып қалуы, стильдік реңктегі трансформациялары, барлығы кешенді түрде көрініс табады. Осындай жан-жақты тілдік-тарихи сипаттама беретін сөздік түзу, әрі нақты жазба ескерткіштер деректері негізінде құрастыру бүгінгі қазақ тіл біліміндегі маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Тарихи сөздік тілдің әртүрлі даму кезеңдеріндегі лексикалық бірліктерді жүйелі түрде жинақтап, өткен дәуірлерден сыр шертетін тілдік деректерді сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізуде маңызды қызмет атқаратын, халықтың рухани және мәдени мұрасын танытатын құнды құрал. Онда көне замандардағы ойлау жүйесі, дүниетаным, салт-дәстүр, әлеуметтік қатынастар тілдік бірліктер арқылы көрініс табады.  

Түйін сөздер: қолжазба мәтін, түпнұсқа мәтін, тарихи сөздік, лексикографиялық зерттеу, этимологиялық талдау. 

Автор өмірбаяндары

  • Г. Мамырбек, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

    Мамырбек Гүлфар Мәжитқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: gulfar76@mail.ru);

  • А. Сейітбекова, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ.

    Сейітбекова Айнұр Аташбекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: ainurseit@mail.ru);

  • Б. Курманова, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Қазақстан, Орал қ.

    Курманова Бибигуль Ханиулловна – аға оқытушы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Қазақстан, Орал қ., e-mail: kurmanovab@list.ru);

  • З. Османова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

    Османова  Зейнеп Жалалиевна  –  филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: zeinep1975@mail.ru).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-27

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары