А. Арцишевскийдің әңгімелерін талдау – студенттердің әдебиеттанулық құзіреттілігін дамыту тәсілі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2022202625

Аңдатпа

Мақаланың негізгі ғылыми мәселесі – жоғары оқу орындарында эпикалық шығармаларды талдаудың әдіс-тәсілдерін іздестіру. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – студенттердің әдеби құзіреттілігін дамыту үшін қазақстандық жазушы А.Арцишевскийдің әңгімелерін талдаудың тиімді әдіс-тәсілдерін жасау. Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңыздылығы оның қорытындылары мен ережелерін жоғары оқу орындарында шағын көркем шығармаларды талдаудың жаңа стратегияларын одан әрі іздестіру үшін пайдалануға болатындығымен анықталады. Бұл зерттеудің практикалық маңыздылығы оның материалдарын мектептер мен жоғары оқу орындарында эпикалық шығармаларды зерттеудің инновациялық әдістері мен тәсілдерін әзірлеуге пайдалануға болатынында. Мақалада студенттердің шығармалардағы көркемдік ерекшеліктерін, мағыналық қабаттарын, ой-тұжырымдарын терең ұғынуын қамтамасыз ететін оқытудың сан алуан әдістерін қолдану қажет деген ой айтылған. Дидактикалық эристиканың, интерактивті оқытудың, зерттеу әдісінің әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Бұл әдістер студенттердің әдебиеттанулық құзіреттіліктерінің табысты дамуына әкелді. Диалог, пікірталас, алгоритмдеу, портфолио, ұжымдық ойлау әрекеті әдістері өзінің жоғары тиімділігін көрсетті, студенттердің ойлау, танымдық белсенділігін белсендіруге қызмет етті. А.Арцишевскийдің әңгімелерін оқып-үйрену барысында шығармалардың жанрлық табиғатын, фабулалық-сюжеттік ұйымдастырылуын, поэтикасын, мәселелерін терең талдауға қажетті студенттердің әдебиеттанулық құзіреттіліктері дамыды.

Түйін сөздер: қазіргі Қазақстан әдебиеті, қазіргі қазақстандық әңгіме, әдебиетті оқыту әдістемесі, әңгімені талдау әдістемесі.

 

Автор өмірбаяндары

  • Г. Ұнасбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Ұнасбаева Гүлжан – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: unasbayeva.1976@mail.ru)

  • Р. Шанаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Шанаев Русланбек Улугбекович (автор корреспондент) – PhD, Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Казахстан, г. Алматы, e-mail: rus.shanaeff@gmail.com)

  • Н. Жеңіс, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Жеңіс Нұрайым Нұрхатқызы – магистр, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: zhenisova.nurai@gmail.com)

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-29

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары