Саяси лингвистика саласындағы зерттеулер

Авторлар

  • И. Г. Оразбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Р. M. Таева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Л. Ж. Мұсалы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

саяси дискурс, саясат тілі, контент-талдау, идеология, метафорика.

Аңдатпа

Мақалада саяси лингвистика саласындағы зертттеулердің жаңа бағыттары қарастырылады. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы және ХХІ ғасырдың басында әлемнің саяси құрылымында радикалды өзгерістер болды. Бұған мысал ретінде бір-біріне дұшпан екі лагерьдің (социалистік және капиталистік) күйреуі, сондай-ақ жаҺандану үдерісінің нәтижесінде Европада басталған интеграцияны атауға болады. Саясат, оның институттары мен үдерістері тілге және қоғамдағы тілдік үдерістерге қатыссыз жүрмейді. Саяси институт коммуникациясыз өмір сүре алмайды. Сонымен, саяси мәтіндер мен айтылымдар идеологияны, қоғамның табиғи-тарихи даму жүйесін көрсетеді және қоғамдық санаға әсер етудің құралы болып табылады, яғни қоғамды басқару қызметін атқарады. Осыған орай, саяси тілді зерттеу саясаттану мәселелерімен, қоғамдағы ойшыл жандардың саяси коммуникацияны манипуляциядан құтқаруға ұмтылыстарымен, сондай-ақ, лингвистикалық теориядағы саяси өмірдегі лингвистикалық феноменнің (эвфемизмдерді, метафораларды қолдану) ролін анықтау қажеттігімен анықталады.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары