Қазақ, түрік және өзбек тілдеріндегі l (л), m (м), n (н) дауыссыздар дыбыстарының өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктері зерттеледі

Авторлар

  • А. N. Baituova Международный казахско-турецкий университета им. Х.А. Ясави

Кілт сөздер:

салыстырмалы зерттеу, дифференциация, заңдылық, дауыстылар, ассимилятивтік, артикуляторлық, рекурсия, жүйе, арғы тіл, сөйлеу ерекшелігі, қазақ, түрік, өзбек, салыстыру, басқа тілден алу.

Аңдатпа

Бұл мақалада үш ірі тілдік тайпалар – қыпшақтарға, оғыздарға және қарлұқтарға лайықты басым компоненттер болып табылатын қазақ, түрік және өзбек тілдерін дамытудың үш аспектісін салыстыр­ малы түрде зерттеу қарастырылады. Түркі халықтарын дамытудың санғасырлық тарихы оларды біріктіруге, олардың топтық қауымдас­ тықты иеленуіне қолайлылық туғызды, сонымен бірге тарих олар­ дың дифференциациялануына, межеге бөлінуіне, бытырап кетуіне көптеген түрлі белгілерге (бұл жағдайда фонетикалық құрылымда) ие болуына да себепші болды. Аталмыш зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін салыстырмалы-тарихи әдіс қолданыла­ ды. Сонымен қатар салыстырмалы және сипаттау әдістері пайдала­ нылады. Осы ретте фактілерге жәй ғана салыстыру жүргізілмей, әр түрлі фонетика-фонологиялық инновациялар мен заңдылықтардың өткен жағдайын және эволюциялық дамудың келесі кезеңдерін ес­ керу арқылы олардың терең себептерін анықтауға әрекет жасалады. Салыстырмалы тілдердің әрқайсысы арғы тілдік жағдай кезеңінде өзгелермен терең тарихи туыстық тамырларын иелене отырып алда­ ғы уақытта өзінің, өзіне ғана тән өзіндік даму тарихы мен өзіндік ұлттық тіл ретінде сипатталатын әдеби нормаларды қалыптастыру жолдарына ие болады.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары