Роман трансформациясының теориясы мен тарихы

Авторлар

  • Y. Sultan М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты

Кілт сөздер:

роман, жанр трансформациясы, қазіргі көркем проза, М.М. Бахтин

Аңдатпа

Мақалада қазіргі көркем прозадағы жетекші жанрлардың бірі романның трансформациялық теориясы және оның зерттелу тарихы осы мәселені қарастырған ғалымдардың еңбектері негізінде жан-жақты талданады. Қазіргі трансформация үрдісінің күшеюімен ерекшеленетін әдебиетке классикалық дәстүрден ауытқу тән. Мақалада қазіргі мәдениеттің даму үрдісі шығарма құрылысының өзгеруіне, стиль мен ойдың жаңаруына ықпал ететін фактор ретінде қарастырылады. Көпқырлылығымен, қарама-қайшылығымен, көптілділігімен ерекшеленетін қазіргі мәдениет жаңа жанрлық формалар мен вариациялардың пайда болуының себебі ретінде талқыланады.Сондай-ақ қазіргі кезеңдегі роман жанрының түрленуі туралы концепциялар, оның даму бағыты мен трансформациясының басты себептеріне шолу жасалады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Жас ғалымдар