Б. Қайырбеков шығармашылығындағы ландшафт дүниетанымы

Авторлар

  • Ж. Х. Салханова KazNU named after Al-Farabi
  • Е. E. Хайрушева KazNU named after Al-Farabi

Кілт сөздер:

дала, әкелердің кіндік қаны тамған жер, Отан, ұлттық сана-сезім

Аңдатпа

Мақалада Бақыт Қайырбеков шығармашылығындағы Дала бейнесінің лирикалық сипаттамасы қарастырылады. Дала адамның дүниетанымы мен табиғи және мәдени, рационалды және эмоциялы, саналы және санасыз, дербес және қоғамдық қызметінің барлық деңгейіне ықпал еткен түрік ділінің қалыптасуын айқындайтын категория ретінде қарастырылады. Автордың айтуынша, Дала бейнесі «Туған шөптер» жинағында басым, лирикалық эсселерде, Ғафу Қайырбеков, О. Асқар, Т.Абдрахманова, тағы басқа ақындардың аударма шығармаларында кездеседі. Ақын Даланы әкесінің кіндік қаны тамған жер, балалық пен жастық шақтағы әсерлер, Отан, туған өлке ретінде түсінеді. Дала бейнесін жан дүниесімен сипаттай отырып, ақын туған бейнеге деген екі түрлі сезімін жасыра алмайды. Ақын түп тамырымен ата тегі көшіп-қонған кең өлкемен тығыз байланысты. Сонымен қатар ол өзін басқа тілде білім алған, басқа мәдениеттің ықпалымен тәрбиеленген қала адамы ретінде сезінеді. Сондықтан болар, Дала бейнесі ақынның ертеректегі және кейінгі шығармаларында бірдей емес, уақыт озған сайын тереңдей түсетін әр түрлі ойлармен өрнектелген.

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары