Тіл елдің «сыртқы» бейнесін қалыптастыру құралы ретінде (XVI ғасырдағы мәскеулік Русь тілінің материалдары негізінде)

Авторлар

  • T.V. Yegorova Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақ университетінің Алматы филиалын, Қазақстан, Алматы қ.,

Аңдатпа

Мақала XVI ғасырда күрделілігімен және қарама-қайшылығымен ерекшеленетін Московиядағы
тілдік ахуалды зерттеуге бағытталған. Бұл еңбекте Ресей дамуындағы транзитивтік кезеңдегі осы
тілдің иеленушісінің мемлекеттің тарихымен, мәдениетпен және мәдениаралық қарым-қатынас
ерекшеліктерімен байланысты орын алған тілдік жағдайға талдау жүргізілген. Славян және батыс
еуропалық ғалымдардың көзқарастарын, шетелдік бақылаушылардың пікірін, сонымен қатар ең
алғашқы әліппелер мен грамматика материалдарын зерттей отырып, XVI ғасыр бойы қолданылған
Московия тілі ішкі тұтастық пен бүтіндікке ие болмағандығы туралы нәтижеге шығарылады. Ол
орыс тілінің бір-бірімен толықтыру және екіжақты байланыстағы, ал кейбір жағдайларда бірін-
бірі алмастырушылық қарым-қатынаста болатын бірнеше түрде көрініс табады. Автор тарапынан
бірнеше ғасыр ішінде тілдің әртүрлі формасындағы бұлғыр, логикаға бағынбайтын қарым-
қатынастар орыс тілімен оның иеленушісі орыс халқының потенциалдық кейіпінің қалыптасуына
елеулі ықпал жасағандығы дәлелденеді. Ел ішіндегі тілдік сөйлеу жағдайының лингвистикалық
және экстралигвистикалық факторларын айқындау, сыртқы көзқарастарды есепке алу осы халық
туралы нақты және жеңіл топтасатын ұғымды, көріністі бере алатындығына сендіреді.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-08