К.И. Чуковскийдың балаларға арналған шығармаларындағы тілдік ойындардың әдістерінің бірі ретінде дыбыстық жазылу

Авторлар

  • Dyussembekova Zh.A, Maukeyeva A.O л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph18

Аңдатпа

Өздеріңізге белгілі, көркем мәтін әртүрлі байланыстағы және өзіндік қасиеттерімен
ерекшеленетін элементтердің күрделі құрылымы. Ақпараттық және коммуникативтік
қасиеттерді қалыптастыратын осы элементтердің барлығы мазмұн жоспарына тікелей «жұмыс
істейді». Өнер туындысының лингвистикалық-стилистикалық ерекшеліктерін анықтау өнер
туындысының мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеудің өзектілігі қазіргі
заманғы лингвистиканың көркем мәтінді сөйлеуді ұйымдастыру мәселесіне қызығушылықпен
байланысты. Осы мақаланың мақсаты – К.И. Чуковскийдің балалар шығармаларындағы сөйлеу
суреттерінің алдыңғы қатарлы әдістерін, стильді қалыптастырушы және мәтінді құрайтын
компоненттерді, сондай-ақ тілдік ойын құру құралдарын анықтау.
Тілдік фонетикалық әдістердің табиғи шектелгендігіне қарамастан, К.И. Чуковский
орыс тілінің тілдік ойынға алып келетін фонетикалық құрылымының барлық мүмкіндіктерін
шеберлікпен пайдаланады. Лингвостилистикалық талдау барысында келесі фонетикалық әдістер
анықталды: аллитерация, ассонация, эпифора, анафора, ономатопея. Кескіндеме және мәнерлі
құралдардың осы жиынын пайдалану К.И. Чуковский шығармаларының тілін эмоционалды, оңай
есте сақталатын, оқырмандар үшін түсінікті ете отырып, өз мәтіндерін динамика мен мәнерге
толтырады. Өткізілген зерттеудің маңыздылығы қазіргі заманғы лингвистика теориясының және
өлең мәтінді лингвистикалық және стилистикалық талдау мәселелерінің сұрақтарын шешуінде,
балалалар шығармашылығындағы тілдік ойын құру тәсілдерін анықтауында. Нәтижелер тілдік
стилистика саласындағы теориялық зерттеулерге, сондай-ақ зерттеуге байланысты пәндерді
оқытуға қолданылуы мүмкін.

Жарияланды

2019-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі