ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы Қазақстандағы балалар әдебиеті (белгілі сыншы Қалжан Нұрмахановтың жазбалары бойынша)

Авторлар

  • M.K. Nurmahanova L.Zh. Мussaly .

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph8
        56 52

Аннотация

Мақала белгілі сыншы Қ. Нұрмахановтың жазбаларына сүйене отырып Қазақ-
станның балалар әдебиетінің ХХ ғасырдың 50-60 жылдардағы шығармаларын талдауға арналған.
Жас ақындар мен жазушылардың шығармаларын талдай келе, сыншы жас жазушы кадрлармен
жұмыс жасаудағы сабақтастыққа, олардың идеялық және шығармашылық өсуіне баса назар
аударады, өйткені оларды қазақ әдебиетінің келешек қоры ретінде таниды. Сыншы туған
әдебиетінің жаңа талантты шығармашылық күштермен үнемі толығып отыруын қолдайды, онсыз
әдебиет ойдағыдай дами алмайды. Қ. Нұрмаханов сол кезең үшін маңызы бар жаңашылдық
мәселесін көтеріп, жастарды белгілі бір дәрежеде дәстүрлерден арылуға және жаңа белестерге
жетуге шақырды. Ол жас авторларды типтендіру, жинақтау әдістерін үйренуге шақырады,
сонымен қатар қазақ поэзиясы мен прозасының ең жақсы үлгілерінен үйренуге кеңес береді.
Қазақстандағы балалар әдебиетінің белгілі бір жетістіктерін атап өткен Қ. Нұрмаханов оның
бірқатар кемшіліктерін қынжыла отырып көрсетеді.
Мақалада сыншыны өткен ғасырдың 50-60 жылдарындағы әдеби үдерістің жетекші
тұлғаларының бірі ретінде сипаттайтын шығармашылық жұмысының кең ауқымы көрсетілген.
Оның сыни туындылары тез арада шешілуін күтіп тұрған көкейкесті мәселелерге негізделген.

Жүктелулер

Жарияланды

2020-02-26

Как цитировать

. M. N. L. М. (2020). ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы Қазақстандағы балалар әдебиеті (белгілі сыншы Қалжан Нұрмахановтың жазбалары бойынша). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 176(4), 60–65. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph8

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение