Ұлттық корпустарға негізделген лингвистикалық зерттеулер жүргізу (қазақ, орыс, ағылшын тілі материалдары негізінде)

Авторлар

  • K.K. Pirmanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-3783-3199
  • A.A. Zhanabekova А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-6199-7444
  • A. Barmenkulova А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-1471-5846

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.09

Аннотация

Мақалада лингвистикалық зерттеулерде корпустық материалдарды пайдалану технологиясы қарастырылады. Тіл корпустарын зерттеу мен құру сала мамандары үшін ғана емес, қоғамдықәлеуметтік проблема ретінде де маңызды. Шетелдік және ресейлік ғалымдардың еңбектерінде корпус құрылғаннан кейін академиялық сөздіктер мен грамматикалар қайта қаралып, қайта жазылғандығы туралы ақпарат бар. Корпустық лингвистика саласының зерттеу әлеуеті зор. Сондықтан зерттеу жұмыстары үшін қазақ әдеби тілінің мәтіндері негізінде тілдік корпустарды пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру және осы мүмкіндіктерді іске асырудың ғылыми-теориялық негіздемесін әзірлеу қажет. Өйткені, тілдік корпусты құрастыруда, атап айтқанда әртүрлі сөздіктерді құрастыруда, ғылыми грамматиканы қайта жазуда немесе белгілі бір лингвистикалық құбылыстарды анықтауда алынған нәтижелерді қолдану корпустық лингвистиканың болашақ дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің жаңа технологиясын қалыптастыру үшін де маңызды. Корпус келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: тілдің лексикасы, грамматика саласында зерттеулер жүргізу үшін бай тілдік материал ретінде үйрену; тілдің бірнеше кезеңдік тарихына қатысты ақпарат беру мүмкіндігі; жиілік шығару; белгілі бір кезеңге, өзгеру сатысына, дамуға қатысты тілдік бірліктердің семантикалық өрісі және т. б. туралы ақпарат; лингвистиканың барлық салаларына қатысты анықтамалық қызмет, яғни функцияларды орындау мүмкіндігі көзі; жиілік сөздіктерін автоматты түрде құру мүмкіндігі; автоматты түрде аударма негізінде екі тілді (параллель, аударылған) корпустар және т. б.; екі тілді түсіндірме сөздіктерді құру мүмкіндігі; грамматикаларды қайта жазу мүмкіндігі; тілді оқыту немесе үйрену мүмкіндігі, яғни оқулықтар мен оқу бағдарламалары үшін негіз құру жөніндегі қызмет және т.б. Мақала тақырыбы бойынша жасалған зерттеу жұмысы осы жоғарыда санамаланып көрсетілген нәтижелерді жүзеге асырудың ғылыми-теориялық және инженерлік технологиясын айқындап береді. Корпус материалдары бойынша грамматикалық, дискурстық, лексикографиялық зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері сипатталады

Жүктелулер

Жарияланды

2022-09-30

Шығарылым

Бөлім

Языкознание