Қазақ тіліндегі шылаулардың жазылуындағы орфографиялық, грамматикалық ерекшеліктер

Авторлар

  • A.A. Soltanbekova А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-3513-4012
  • E.A. Utebayeva А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-6500-6062

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.012

Аннотация

Тілімізде атауыш сөздердің жетегінде ғана жүріп, сол сөзге грамматикалық мағына үстеп оларға қосымша рең үстеп, мағыналары мен маңызын аша түсетін көмекшілік қызмет атқаратын сөздер бар. Мақалада қазақ тіліндегі шылаулардың жазылу емлесі, орфографиялық ерекшелігі кейбір шылаулардың омонимдік қатары, басқа сөз таптарынан айырмашылығы, дұрыс жазылуы (бірге, бөлек жазылуы), тілдегі қолданысы мен грамматикалық ерекшеліктері, өзінің алдында тұрған сөздермен тіркескенде білдіретін мағынасы сөз болады. Шылаудың негізгі қызметі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру, өзінің алдында тұрған сөзге грамматикалық мағына үстеу, қосымша рең беру, олардың мағынасы атауыш сөздермен тіркескенде ғана анықталады. Сыртқы тұлғасы жағынан кейбір жалғауларға ұқсас болып келеді. Тілдегі қолданыста шылау мен жалғаудың айырмашылығын анықтау үшін сұрақ қоямыз. Жалғау жалғанған сөзге сұрақ қою мүмкін. Ал шылаудың өзіне сұрақ қоя алмаймыз. Тек өзінің алдында тұрған сөзге ғана сұрақ қоямыз. Мысалы: Биыл мен де диплом жұмысын жазып жатырмын (Кім диплом жазып жатыр – Мен?). – Менде «Балалықтан даналыққа дейін» атты өте қызықты кітап бар (Кімде кітап бар? – Менде бар). Да (де, та, те) шылауымен бір тұлғада келетін жатыс септігінің жалғауымен, ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауын өзімен осы тұлғалас болымсыздық мәндегі жұрнақпен; мен (бен, пен) шылауын өзімен тұлғалас көмектес септік жалғауымен шатастырмау үшін аты аталған шылаулардың лексика-семантикалық сипаты мен грамматикалық ерекшеліктері жалғаумен салыстыра отырып қарастырылды. Ол үшін (де, та, те) тұлғасы жалғанып тұрған сөзге кімде? неде? қайда? деген сұрақтар қоямыз. Осы сұрақтарға жауап берсе жалғау болатындығы сол сөзбен бірге жазылатындығы мысалдармен дәлелденді. Ал қандай жағдайда шылау болатындығы, шылауды түсіріп айтқанмен, сөйлемнің жалпы мағынасы бұзылмайтындығы нақты деректермен, дәлелдермен қарастырылды. Сонымен қатар болымсыздық мәнде жұмсалатын сөздер қатары мен сұраулық сөйлемнің соңында жұмсалатын ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының аражігі, ерекшелігі, жазылуы сөз болды.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-09-30

Шығарылым

Бөлім

Языкознание