Эпос тілі – жастардың ұлттық санасын қалыптастыру негізі

Авторлар

  • A. M. Zhumagulova Унивеpситет имени Шакаpима гоpода Семей, Казахстан, г. Семей http://orcid.org/0000-0001-5535-0030
  • N. K. Kuantaev Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан http://orcid.org/0000-0002-2668-8558
  • B. Zh. Karimova Жетысуский унивеpситет имени Ильяса Жансугуpова, Казахстан, г.Талдыкуpган http://orcid.org/0000-0003-2169-7751
        28 83

Аннотация

Мақалада әлемдегі барша халықтардың ұлттық мәдениетінің қайнар бұлағы, тарихи жадының, ұлттық дүниетанымның алтын қоры – фольклор, нақтырақ айтар болсақ, эпостық мұралар тілінің жастардың ұлттық санасының қалыптасуына ықпалы баяндалады. Фольклор өткеннің ғана дүниесі емес, ел тұрмысында бүгін де өмір сүріп жатқан шығармашылық. Фольклорлық мұралардың бірі – эпостық жырларды оқыту арқылы өскелең ұрпақтың тілдік санасының орнықты қалыптасуына әсер ету. Мұндай тілдік тетіктер қолданысы бүгінгі қоғамдағы балалар мен жастардың мінез-құлқындағы теріс әлеуметтік өзгерістердің алдын-алуға септігін тигізеді деуге болады.

Бүгінде ақпараттың жеткізілуінің қарқынды дамыған кезеңінде адамның мүмкіндіктері бірден кеңейіп, соған сәйкес тұлғаны зерттеу мәселесіне деген қызығушылық айтарлықтай өсіп отырғаны байқалады. Осы ретте тіл бірліктерінің адам санасында берілуі мен қызмет ету механизмін білудің, оның ұлттық сипатын танудың маңыздылығы зор болмақ.

Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты – эпос тіліндегі «батыр бейнесі» арқылы өскелең ұрпақтың ұлттық санасының қалыптасуына ықпал ететін «Отанын сүю», «Отанын қорғау», «Ата-ана мен туған-туыстарды қадірлеу», «Адалдық» сынды негізгі ұстанымдарды қалыптастыру. Эпостық жырлар мәтіндеріндегі салт-дәстүр мен дала заңдары «ұлттық кодтың» қайталанбас үлгісі.

Зерттеудің нәтижесі ретінде тілдің табиғатын ұлт тарихымен, бай ауыз әдебиеті мұраларының бірі эпостық жырлармен байланыста қарастырудың қажеттілігін қазақ тіл білімінің де ұлттық танымға негізделген жаңа үрдісті зерттеулері көрсетіп отыр деуге болады.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-04-01

Как цитировать

Zhumagulova, A. M., Kuantaev, N. K., & Karimova, B. Z. (2023). Эпос тілі – жастардың ұлттық санасын қалыптастыру негізі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 189(1), 39–47. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4252