Қазақ және чуваш паремиологиясындағы «жылқы» концептісінің лингвомәдени парадигмасы

Авторлар

DOI:

10.26577/EJPh202220268

Аңдатпа

Мақалада қазақ және чуваш паремиологиясындағы «жылқы» концептісінің лингвомәдени парадигмасы кешенді түрде қарастырылады. Қос ұлттың жылқы жөніндегі түсініктеріндегі ортақ және ерекше қырларды анықтау қажеттілігі осы жұмыстың өзектілігін арттырады. Осы ғылыми мақалада қазақ және чуваш мақал-мәтелдері негізінде «жылқы» концептісінің лингвомәдени мазмұны жан-жақты сипатталады. Зерттеу дереккөзі ретінде құрамында «жылқы» лексемасы көрініс тапқан қазақ және чуваш тілдеріндегі тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер кешені пайдаланылды; тілдік материалдар әртүрлі паремиологиялық жинақтар мен түсіндірме сөздіктер негізінде іріктелді. Жұмыста алғаш рет екі тілдің паремиологиялық қорындағы «жылқы» концептісіне кешенді салыстырмалы талдау жүргізіліп, оның когнитивтік моделі мен ұлттық-мәдени мазмұны жүйеленді. Зерттеу нәтижелері екі халықтың да жылқыны кең әрі бейнелі символдық жүйе арқылы бағалайтынын, оны дәулет, батырлық және еркіндік ұғымдарымен сабақтастыра қабылдайтынын көрсетеді. Сонымен қатар қазақ паремиологиясында жылқы образы негізінде поэтикалық-романтикалық сипатта көрініс тауып, оны «ердің қанаты», «малдың патшасы» тәрізді метафоралар арқылы асқақтата бейнелеп отырған. Ал  чуваш халқының көркемдік танымында ол өзінің асқақ болмысынан ажырап, тек қана тұрмыс-тіршіліктегі  еңбекпен, күнкөріспен байланысты  бейнеленетін болған. Мұның өзі жылқы түлігінің  қадір-қасиетін түсіргендік болып есептелмейді. Қалай алғанда да  жылқы  екі халықтың  байырғы танымында «түлік патшасы», «ер қанаты» болып, әспеттеліп келген. Жылқы мәдениетіне қатысты түсініктерде ортақ сипаттар мен  айырмашылықтың болуы   екі халықтың салт-санасындағы  бірегейлік пен  өзгешеліктерден  дер едік. Зерттеу жұмысымыздың  прагматикалық маңызы сайып келгенде этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанулық тұрғыдан арнайы курстарда  иллюстрация ретінде пайдалану, сондай-ақ мәдениаралық коммуникация мен аударма ісінде қолдану мүмкіндігінде. Зерттеу тәсілдері мен тұжырымдары болашақта түркі халықтарының паремиологиясында «жылқы» концептісін салыстырмалы зерделеуге негіз бола алады.

Түйін сөздер: жылқы концептісі, паремиология, лингвомәдени парадигма, салыстырмалы талдау, қазақ және чуваш мақал-мәтелдері.

Автор өмірбаяндары

  • Г. Каспакбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Каспакбаева Гульзат Бейсенгалиевна (корреспондент автор)  – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: kaspakbayeva_gulzat@live.kaznu.kz)

  • Е. Баят, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Баят Ерболат — PhD, аға оқытушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: erbolat.bayat@mail.ru)

  • Н. Исмайлова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Исмайлова Нургуль Ахметхановна – PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: nurashismailova@gmail.com)

  • А. Куралова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Куралова Алтынкыз Токтаровна – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ.,  e-mail: kuralovaaltynkyz@gmail.com)

Жарияланды

2026-07-01

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары