«Рүстем-Зораб» дастанындағы дәстүрлі сарындар
Кілт сөздер:
фольклор, уәж, эпос, сюжет, деталь, эпизод, нұсқа, дастан, дәстүр, жанр, поэзияАңдатпа
Әлем халықтарының фольклорында әке мен баланың жекпе-жек айқасына арналған сарын жиі кездеседі. Фирдоусидің «Шаһнама» дастанынан бастау алатын бұл сарын көптеген ғалымдардың назарын аударды. Әйтсе де «Рүстем-Зораб» оқиғасының типологиясы туралы, белгілі мотивтің қазақ дастандарындағы шығыстық сюжеттермен байланысы жайлы көп сөз бола қойған жоқ. Мақала авторы «Рүстем-Зораб» шығармасының мағыналық бөліктерін Мәулекей Жұмашұлы хатқа түсірген «Дариға қыз» дастанының сюжетімен, «Көрұғлы» дастанының әзірбайжандық нұсқасымен, «Зораб» туындысының түркиялық версиясымен салыстыра қарастырып, айырым-өзгешеліктерін анықтауды мақсат еткен. Мұнда парсы-түркітілдес халықтардың көне мұраларындағы ортақ сарындар, ежелгі ескерткіштер құрамы, жанрлар сипаты, олардың стадиялық қатары, көркемдік даму ерекшеліктері, әдеби ықпалдастық, мәдени байланыстар сияқты мәселелер қамтылған. Сөз жоқ, мақалада қаралған күрделі мәселелер әдебиетші қауымды қызықтыратын, шығыстық желіге негізделген туындылардың табиғатын түсінуге көмегі тиетін жаңалықты жайттар деп білеміз.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
«Рүстем-Зораб» дастанындағы дәстүрлі сарындар. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 155(3). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1492
