Мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытуда инновациялық технологияны қолдану
Кілт сөздер:
инновация, грамматика, лексика, практика, ойын, антоним, синоним, омоним, орфография, мәтін, сөздік.Аңдатпа
Шетел азаматтарына оқытылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – тыңдаушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Грамматикалық материалдарды, лексикалық тақырыптарды оқыту, модульдық технологияны және ойын технологияларын қолдану жолдары қарастырылады. Бұл технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану – тыңдаушының пәнге деген қызығушылығы мен білім сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Инновациялық әдіс-тәсілдерді ретімен ендіру арқылы оқытушы тыңдаушының белсенділігін, ауызекі сөйлеу даңдыларын, ойлау қабілетін дамытады. Ең бастысы, тіл байлығының молаюына, сөйлеу тілінің көркеюіне, тіл мәдениетінің артуына, өз ойын орнықты жеткізуіне негіз болады.
