Қазақ және ағылшын фразеологизмдерінің зерттелу тарихы

Авторлар

  • М. Zhambylkyzy А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

мәселе, топтастыру, фразеологизмдер, cалыстыра зерттеу, теориялық зерттеу.

Аңдатпа

Бұл мақала І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев, А.Байтелиев, Қ. Қалыбаева, Н. Қашанова, С. Сәтенова т.б. отандық және шетелдік ғалым-фразеологтардың еңбектеріне талдау жасалады. Фразеология – ауызекі және жазба әдебиетте ерекше орын алатын, кез келген халықтың ойлау ерекшелігін, даналығын айғақтайтын тілдің айшықты да, мәнерлі бай саласының бірі. Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан баcталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер назарына ілігіп, зерттеу обьектісіне айналып, әлі толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулердің төрт кезеңдері жайлы сөз қозғалады. Еліміз егемендік алып, әлемдік өркениет биігіне ұмтылып отырған заманда, жоғары дамыған Еуропа елдерімен саяси, экономикалық, мәдениаралық қарым-қатынастың дамып отырған уақытында – қазақ тілін Еуропаның беделді тілдерінің бірі ағылшын тілімен салғастыра зерттеу – баға жетпес құнды дүние. А.В. Кунин, Т.Ж.Мықтыбаева, Ш.Б.Арғынғазина, Р.Б. Жүсіпова, Р.К. Атаханова, Ф.А.Оспанова, А.Ә. Молдасанова т.б. ғалымдардың жалпы және салғастырмалы фразеология мәселелеріне арнап жазған құнды еңбектері аталады

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары