Антропоөзектік парадигмадағы когнитивтік лингвистиканың орны мен қызметі
Кілт сөздер:
Когнитивтік лингвистика, парадигма, тіл білімі, теориялық бағыт, концептуалдылық, танымдық ғылым.Аңдатпа
Бұл мақалада антропоөзектік парадигмадағы когнитивтік лингвистика ғылымының қалыптасуы мен дамуы, ғылыми парадигмалардағы орны мен қызметі туралы баяндалады. Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылатындығы, ол сан ғасырлық тілдік білімді адам миының жемісі ретінде бағаланып, күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттауға бағытталғандығы айтылады. Когнитивтік лингвистика ғылымының теориялық бағыттары, отандық, шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі зерттелуі жан-жақты қамтылады. Когнитивтік лингвистика ғылымының базалық ұғымдары (концепт, стереотип, фрейм, гештальд, ойбейне, сценарий, т.б.) , негізгі ұстанымдары сөз етіледі.Қазіргі когнитивтік лингвистика ғылымының негізі тіл білімінің дәстүрлі зерттеу нысандарына сүйене отырып анықталатындығы айталады. Ондағы ұғым-түсініктің базалық сипатына тілдік-танымдық тұрғыдан қорытынды жасауға болатындығы баяндалады. Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым ретінде танылуы үшін оның негізгі ұғымдары, өзіне тән категориялары болуы шарт екендігі қарастырылған.
Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Антропоөзектік парадигмадағы когнитивтік лингвистиканың орны мен қызметі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 153(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1586
