ЖОО-да жаңа сапалық білімді қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың әдістемелік сипаты
Кілт сөздер:
әдістеме, әдіс-тәсіл, оқыту технологиясы, иннова¬ циялық технология, сатылай кешенді талдау технологиясы.Аңдатпа
Бұл мақалада ЖОО-да жаңа сапалы білімді қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың әдістемелік ерекшеліктері жанжақты қарастырылады. Оқыту үрдісіне инновациялық техноло¬ гияларды енгізу арқылы білімдік тұрғыдан жан-жақты қаруланған, өмірлік қажеттіліктерін жүзеге асыра алатын дербес интеллект иесін, әлеуметтік тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялар¬ дың рөлі туралы баяндалады. Рухани жан-дүниесі бай, ақылы кемел, жазу, сөйлеу мәдениеті жоғары деңгейде дамыған субъектіні тәр¬ биелеп қалыптастыру – қара шаңырақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың басты міндеті екендігі айтылады. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді бекітудегі иннова¬ циялық технологиялардың қызметі қарастырылады. Оқытудың түр¬ лері, оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері, олардың инновациялық ерекшеліктері қамтылған. Соның ішінде «сатылай кешенді талдау тех¬ нологиясының» инновациялық сипаты кешенді қарастырылады. Со¬ нымен қатар «сатылай кешенді талдау технологиясы» – өзіндік әдістәсілдері бар, үйренушілерге білімді ғылыми негізде сатылай сапалы, жүйелі, кешенді меңгертетін, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, қолдануға машықтандыратын оқыту түрі екендігі айтылады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ЖОО-да жаңа сапалық білімді қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың әдістемелік сипаты. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 157(5). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1634
