Диаспора мен оралмандардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Авторлар

  • G. N. Smagulova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Кілт сөздер:

диаспора, оралман, тілдік жағдаят, лексикалық ерек­ шеліктер.

Аңдатпа

Мақалада диаспора мен оралмандардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері қазақ тілінің материалдары бойынша сөз етіледі. Тіл – әрқашан белгілі бір этностық генеологиясымен, азаматтық тарихымен, өмір сүрген ортасымен, қоғамдық даму дәуірімен, материалдық және рухани мәдениетімен, ша­ руашылық кәсіп түрлерімен, салт-сана, әдет-ғұрпымен тікелей байланыс­ ты. Сондықтан ауызекі сөйлеу тілінде сақталып, әдеби тілде көп кездесе бермейтін сан алуан фонетикалық, грамматикалық құбылыстар, кездейсоқ пайда болмайтындығын ескеру керек. Ол құбылыс, ол өзгешелік тарихи жағдайға, көршілес отырған халықтардың тілдік ықпалына, айналысатын кәсібіне, шаруашылығына байланысты қалыптасқан. Қазіргі кезде әр мем­ лекеттің әр мекенінде өмір сүріп келген қазақтардың ауызекі сөйлеу тілі ерекшеліктерін зерттеу – әдеби тіл тарихы үшін құнды дерек болып та­ былады. Баяндамада (мақалада) диаспора мен оралман қазақтары тілінің ерекшеліктері бойынша жиналған фонетикалық, грамматикалық, лексика­ лық деректер қазақ тілінің әдеби тілмен салыстыра талданады

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары