Қазіргі қазақ прозасындағы роман жанрының трансформациясы

Авторлар

  • А. B. Temirbolat Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

роман, тенденция, жанр, қазіргі, жазушы, композиция, мәселе, тұлға, тарихи, философиялық.

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасыр аяғы мен XXI ғасыр басындағы роман жанры­ ның қазақ әдебиетіндегі даму ерекшеліктері қарастырылады. Нақ­ ты шығармаларды талдау негізінде қазіргі қазақ прозасының даму ұстанымдары, жазушылардың көркемдік идеялық бағыттары анық­ талады. Роман жанрының трансформациясына әсер еткен факторлар айқындалады. Аталған жанрдың мазмұндық деңгейлері жан-жақ­ ты қарастырылады. Қазақ жазушылары шығармаларының құрылым ерекшеліктері ашылады. ХХ ғасыр аяғы мен XXI ғасыр басындағы ро­ мандарға көпдеңгейлілік, диалогтылық, терең драматизм тән екенді­ гі анықталады. Жазушылар көбінесе адам мен қоғамның қарым-қа­ тынас жүйесіне, рухани әлеміне көбірек көңіл бөлгендігі байқалады. Роман жанрының модернизациясы өте күрделі және қарама қарсы мінезге ие болып тартыс деңгейінде көрініс табады. Қазіргі қазақ романында әртүрлі жанр элементтері үйлесім табатынын көруге бо­ лады. Жазушылардың шығармаларында психологиялық, әлеуметтік, философиялық, тарихи, детективті, фантастикалық, сатиралық ро­ мандардың элементтері көрініс тауып, туындылардың көркемдік әле­ міне, құрылымы мен мазмұнына көпқырлылық береді.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары