11сыныптарға арналған орыс тілі оқулығындағы мәтін типологиясы
Кілт сөздер:
білімнің дамуының мемлекеттік бағдарламасы, 12 жылдық білім беру моделі, экспериментальды 11 сыныпқа арналған орыс тілі оқулығы, мәтін типологиясы.Аңдатпа
2011-2020 бойынша білімнің дамуының мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы білім беретін орта мектептерге 12 жылдық білім беру моделіне өту ұйғарылғандықтан, орта мектептерге жаңа оқулықтар жасау өте қажет. Мақалада мәтіннің типологиясы туралы 12 жылдық білім беру мектептерінің экспериментальды 11 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) мазмұнына сәйкес оқу материалдары қарастырылады. Сөздің мынадай әртүрлі құрылысының өзгешеліктері, полилог, диалог, монолог, сондай-ақ «вербальды» (тілдік) және «бейвербальды» (тілдік емес: ым, ишарат, дауыс ырғағы) қарым-қатынас құралдары терминдерінің мағынасы түсіндіріледі, жеке мәтіндердегі эллиптистенген конструкциялардың жеке үлгілері де қарастырылады, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды түзету және өңдеу үшін ортология және стилистика курсы бойынша талдау жасалынады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
11сыныптарға арналған орыс тілі оқулығындағы мәтін типологиясы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 156(4). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1721








