«Қазіргі қазақ тілі» пәнінің жаттығулар жинағының ерекшеліктері (профессор Р. Әмірдің еңбектері бойынша)
Кілт сөздер:
синтаксистік жүйе, лебіз, дидактикалық материал, тіл білімі, мәтін, педагогикалық ғылымдар, оқулық, жаттығулар жинағы.Аңдатпа
Филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Әмір биыл 85 жасқа толып отыр. Профессордың негізгі ғылыми бағыттары: тіл білімі, педагогикалық бағыттар, орта білім беруге арналған. Осы салалардың бәрінде Р. Әмір салған айқын із, тіл біліміне, педагогикалық ғылымға қосқан келелі үлесінің барлығы сөз болады. Мақала профессордың орта білім беретін орындарындағы қазақ тілінен жаттығулар жинағының ерекшеліктеріне арналады. Жан-жақты, көп тақырыпты қамтитын оқытушы өз қалауынқанықтырып талғайтын ресурстарға зәру екендігі белгілі. Осы тұрғыдан Р.С. Әмірдің «Қазақ тілі оқулығы бойынша жаттығулар» (7, 8, 9-сыныптарға арналған) деген атпен дайындалған дидактикалық материалдар жиынтығының маңызының ерекше екендігі айтылады. Материалдардың сапасы жоғары екендігі және түгелдей баспа жүзінде жарық көрген шығармалардан талғанып алынғандығы, олардың мазмұны кең, табиғилығы, ел тірлігін, табиғат бейнелерін өте нанымды, көркем етіп көрсететіндігі сөз болады. Осылай болуына бірінші себеп – жаттығу ретінде берілген мәтіндердің беделді нұсқалардан алынғандығы баяндалады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
«Қазіргі қазақ тілі» пәнінің жаттығулар жинағының ерекшеліктері (профессор Р. Әмірдің еңбектері бойынша). (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 156(4). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1723
