Заманауи теориялық лингвистиканың категориясы ретіндегі дискурс

Авторлар

  • V. S. Lee Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

дискурс, мәтін, сөйлеу, сөйлеу әрекеті, сөйлеу материалы, дискурстық талдау.

Аңдатпа

Бұл мақалада гуманитарлық білім берудегі когнитивтік-дискурстік парадигманың негізгі категориясының бірі ретінде дискурс онтологиясын анықтаудың теориялық мәселелері қарастырылған. Дискурстың маңыздылығын анықтаған кезде сөйлеушінің сөйлеу-ойлау қабілетінің ерекшелігі өте күрделі, көпаспектілі жаратылыс екені ескеріледі. Қазіргі лингвистикада «дискурс» ұғымы көбінесе «мәтін» ұғымына теңестіріп, дискурс мағынасын тарылтуда, сөйтіп дискурс мағынасын анықтаудың да себебі болмауы мүмкін. Осы мақалада дискурстың басқа да тұжырымдамалары тілдің функционалдық стилі деген ұғымынан бастап, дискурс «тіл ішіндегі тіл» немесе «қимыл, қатынастағы тіл»деген ерекше тіл ретіндегі ұғыммен қарастырылған. Сонымен дискурстың коммуникативтік құраушысын айқындайтын экстралингвистикалық факторлар да (прагматикалық, мәдени-әлеуметтік, психологиялық және т.б.) ескерілген. Осы параметрлер өзінің лингвистикалық сипаттамаларымен өріс алып тұр, сонымен қатар,жалпы дискурс теориясының сипаты заманауй ғылымныңауқымды, көптарапты және бірыңғай пәнаралық сала деуге болады.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары