Қазақ әзілдерінің тақырыптық ерекшеліктері
Кілт сөздер:
әзіл, салт-дәстүр, білім-ғылым, әлеуметтік жағдай, жас ерекшелік.Аңдатпа
Мақалада әзілдің кімдер арасында айтылатындығына байланысты тақырыптық топтарға жіктеліп, ерекшеліктері көрсетіледі. Қазақ әзілдері қоғаммен бірге өмір сүріп, заманның ағымына, өзгерістеріне қарай икемделетін құбылыс болғандықтан, мақалада қазақ мәдениетіндегі әзілдің орны, ұлттық және тақырыптық ерекшеліктері қарастырылады.
Ұлы тұлғалардың, ақын, жазушылардың әзілдері салт-дәстүр, әлеуметтік жағдай, білім-ғылым, адамдардың жас ерекшеліктері секілді тақырыптар бойынша топтастырылып, олардың арасындағы жарасты әзілдері мысалдармен талданады. Сонымен қатар туысқандық, отбасылық қарым-қатынастағы әзілдер, ұлттар арасындағы достық әзілдер, достар мен құрдастар арасындағы әзілдер секілді тақырыптық топтар бойынша әзілдердің ұлт танымына байланысты ерекшеліктері көрсетіледі.
