Заманауи газеттер тіліндегі славянизмдердің семантика-стилистикалық өзгешелігі
Аңдатпа
Мақалада заманауи газеттер тіліндегі славянизмдерді қолдану ерекшеліктері қарастырылады. Орыс тілінің Ұлттық корпусының газеттен алынған мысалдар жинағынан алынған материал негізінде БАҚ-та ерекше айқын көрінетін белсенді тілдік үдерістер сипатталады. Автор талданған мысалдар негізінде бір типті жағдайларды сипаттайтын соматикалық славянизмдер мен стилистикалық маркіленген етістіктердің заманауи қолдануының негізгі үрдістері туралы тұжырымдар жасайды. Қазіргі демократиялық қоғамның құндылықты түсініктерін бейнелейтін әртүрлі ассоциациялар нәтижесінде туындаған библиялық тіркестердің ауыспалы мағынада қолдану мысалдары келтіріледі. Газет мәтіндерінен алынған мысалдарды жүйелеп, топтастыру мақсатында контент-талдау әдісі қолданылды.








