Фольклор бойынша оқу тәжірибесі: жаңа аспектілер мен әдістімелер

Авторлар

  • A. Abdulina

Аңдатпа

Қазақстандағы жоғары білім өз саласында құзыретті, болашақ мамандарға жекелеген білім беру бағытының басымдығына негізделген, модернизациямен байланысты дамудың жаңа кезеңін өткеруде. Студенттерді дайындауда ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудағы мақсатты бағдар беретін мәртебесі бар, жоғары білім беру жүйесінде өтетін инновациялық үдерістер ескеріледі.
Фольклорлық оқу тәжірибесі – филолог-маман қалыптастырудағы бірден-бір маңызды кәсіби дайындық болып табылатындықтан, оқу үдерісін ұйымдастыруда білім алушыларды жағдайға тікелей қатыстыра отырып, студентті өздігінен дамыту және белсенділігін арттыру жолымен субъективтік фактордың өсуі, өзін-өзі бағалауы мен шығармашылығын арттыру рөлі түбегейлі жаңа тәсілдерді талап етеді. Ұсынылған мақалада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті студенттерді даярлауда білім беру бағдарламасының аясында практикаларды өткізу тәжірибесі әдістемелік деңгейдің жаңа бағыты бойынша баяндалады.

Жарияланды

2018-11-08

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары