Мәтінді оқытудағы мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы нейролингвистиканың рөлі

Авторлар

  • Baieli A., Akimbekova G. . Халықаралық бизнес академиясы image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада мәтінді оқытудағы мультимедиялық технологияларды пайдаланудағы нейролингвистиканың рөлі мен маңызы жайлы сөз болады. Шет тілдерді игерудің жалпыеуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, баға стандартында бұл «қатысымдық тұлғалар» – тілдік дағдылар деп аталған. Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) тілді үйренушінің немесе студенттің сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғы шарты –  тыңдалым  әрекеті болып табылады. Яғни, мәтінді аудиотыңдау арқылы тілді үйрету лингвистикалық-психикалық, танымдық процестер негізінде тілді үйренушінің миында нейролингвистикалық бағдарламалауды жүзеге асырады. Миды бағдарламалау арқылы тілді үйрету өте тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Жарияланды

2018-12-13

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі