Фразеологизмдердің көркем аудармадағы антропоцентрлік парадигмасы

Авторлар

  • I. К. Azimbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-6830-4279
  • A. Zh Zhaparova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-5433-8539
  • K. K. Kenzhekanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-1826-4392

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph18

Аңдатпа

Бұл мақалада антропоцентристік парадигманың теориялық мәселелері көтерілген.
Антропоцентризмде адамды әлемнің орталығы ретінде, болып жатқан құбылыстардың
және оның тілдегі көрінісінің негізі ретінде қарастыра отырып, автор оның сөйлеу әрекетіне
қатысты функционалдығын зерттейді. Сонымен қатар, қазіргі тілдік тұлғаны зерттеу
жолдары мен антропоцентристік парадигманың төрт түрлі бағыты анықталған. Мақалада
антропоцентризм «тілдік тұлға», дәлірек айтсақ «фразеологизмдегі адамды» зерттеудің
принципі ретінде қолданылады. Бұл мақалада антропоцентристік парадигманың теориялық
мәселелері көтерілген. Антропоцентризмді Әлемнің орталығындағы адам ретінде, болып
жатқан нәрсенің және оның тілдегі көрінісінің негізі ретінде қарастыра отырып, автор оның
сөйлеу әрекетіне қатысты функционалдығын зерттейді. Сонымен қатар, қазіргі тілдік тұлғаны
зерттеу жолдары мен антропоцентристік парадигманың төрт түрлі бағыты анықталған. Мақалада
антропоцентризм «тілдік тұлға», дәлірек айтсақ «фразеологизмдегі адамды» зерттеудің принципі
ретінде қолданылады. Фразеологизмдерді «тілдік тұлға» қағидасы негізінде зерттеу жаңа
бағыт – антропоцентристік фразеологизмнің дамуына алып келеді. Сондай-ақ, мақалада М.
Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының материалы негізінде антропоцентристік парадигмадағы
фразеологиялық бірліктерге талдау жасалған.
Фразеологизм саласындағы антропоцентристік парадигманың бағытына сипаттама бере
отырып, автор оларды топтарға бөліп, олардың адам психологиясымен, эмоционалды күйінің
сипаттамалары мен мінез ерекшеліктерімен байланысын ашады. Атап айтқанда, мысалдар
адамның жеке қасиеттерін бағалауға, қоршаған ортаға, қоғамдағы және ұжымдағы орынға
қатынасын талдау үшін қолданылады. Антропоцентристік парадигма тұрғысынан көркем аудармада фразеологиялық бірліктердің берілу ерекшелігі қарастырылады. Фразеологизм
саласындағы антропоцентристік парадигманың бағытына сипаттама бере отырып, автор оларды
топтарға бөліп, олардың адам психологиясымен, эмоционалды күйінің сипаттамалары мен мінез
ерекшеліктерімен байланысын ашады. Атап айтқанда, мысалдар адамның жеке қасиеттерін
бағалауға, қоршаған ортаға, қоғамдағы және ұжымдағы орынға қатынасын талдау үшін
қолданылады. Антропоцентристік парадигма тұрғысынан көркем аудармада фразеологиялық
бірліктердің берілу ерекшелігі қарастырылады.
Түйін сөздер: антропоцентризм, тілдік тұлға, лингвистика, фразеологизм, көркем аударма.

Жарияланды

2021-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Аударма теориясы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары