Қазақстанның орыстілді авторларының роман прозасының жанрлық ерекшелігі идиостильдің көрінісі ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2022202617

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы орыстілді прозаның көрнекті өкілдерінің бірі Михаил Земсковтың «Саксофон Гавриила» романы жанрлық поэтика және идиостиль мәселелері тұрғысынан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – романның жанрлық ерекшелігін анықтап, авторлық стильдің көріну тетіктерін сюжеттік-композициялық құрылым, кейіпкерлер жүйесі, мифопоэтикалық және интертекстуалдық қабаттар арқылы сипаттау. Қазіргі Қазақстандағы орыстілді роман ұлттық әдеби үдерістің маңызды бөлігі ретінде қарастырылып, онда жаңа реализм эстетикасы, авторлық рефлексия, әлеуметтік сын және метафизикалық ізденіс өзара тоғысатыны көрсетіледі.

Зерттеу барысында құрылымдық-семантикалық, мотивтік, салыстырмалы және биографиялық талдау әдістері қолданылды. Талдау нәтижесінде романның жанрлық табиғаты біртекті емес екені, онда діни-философиялық, интеллектуалдық, психологиялық және шытырман-прозалық белгілердің синтезі байқалатыны анықталды. Шығармада миф пен шынайылық, күнделікті өмір мен сакралды кеңістік, жеке сана мен мәдени архетиптер өзара сабақтасып, автордың дара көркемдік әлемін қалыптастырады. Сонымен қатар романдағы «автор бейнесі», фрагментарлық баяндау, коллаждық құрылым, библиялық мотивтер мен символдардың трансформациясы М. Земсков идиостилінің негізгі белгілері ретінде қарастырылады.

Зерттеудің маңыздылығы – қазіргі Қазақстандағы орыстілді романның даму үрдістерін нақты шығарма негізінде талдап, жанр поэтикасы мен идиостиль арақатынасын айқындауында. Мақала нәтижелерін қазіргі әдеби үдерісті, жаңа реализм эстетикасын, авторлық поэтиканы және қазіргі роман теориясын зерттеуде қолдануға болады.

Түйін сөздер: роман, идиостиль, орыстілді проза, жаңа реализм, сюжет, мотив, кейіпкер, автор бейнесі, мифопоэтика.

Автор өмірбаяндары

  • Ж. Джаламова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Джаламова Жанна – магистр, аға оқытушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: zhannadz161@gmail.com)

  • Б. Мауленова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Мауленова Бану – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: banumaulenova@mail.ru)

  • К. Таттимбетова, Қазақ-Американдық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Таттимбетова Құралай – PhD, қауымдастырылған профессор, Қазақ-Американдық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: kuralay555@mail.ru)

Жарияланды

2026-06-29

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары