Ә. Таразидің «Жаза» романындағы қазақ отбасылық дискурсының орыс және ағылшын тілдеріне аударылуы: салыстырмалы талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2033202624

Аңдатпа

Мақала Ә. Таразидің «Жаза» романы негізінде қазақ отбасылық дискурсының орыс және ағылшын тілдеріне аударылу барысында туындайтын тілдік және мәдени ерекшеліктерін талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – қазақ отбасы дискурсына тән туыстық атаулар, мәдени реңкті лексемалар, тұрақты қолданыстар мен сөйлеу этикетінің аудармадағы берілу ерекшеліктерін салыстырмалы талдау арқылы анықтау. Жұмыстың негізгі идеясы – қазақ отбасылық қарым-қатынас жүйесіндегі мәдени-ұлттық мазмұнды үш тілде салыстыра талдау арқылы аудармадағы трансформация үрдістерін жүйелеу. Мақаланың ғылыми маңыздылығы қазақ мәдениетіне тән ұғымдардың орыс және ағылшын тілдерінде берілу механизмдерін сипаттай отырып, аударматану мен лингвомәдениеттану саласындағы мәдени баламасыздық, дискурстық бейімдеу, аудармашы стратегиясы сияқты теориялық мәселелерді тереңдете түсіндіруінде. Зерттеу үш тілдегі мәтіндерді салыстыру, жекелеген лексикалық бірліктердің жиілігін бақылау, контекстуалдық және сапалық интерпретация тәсілдеріне сүйенеді. Зерттеу нәтижесінде қазақ тіліндегі мәдени-ұлттық лексемалардың орыс мәтінінде транслитерация және семантикалық түсіндіру арқылы, ағылшын мәтінінде экспликация, компенсация және стильдік бейімдеу арқылы берілетіні анықталды. Сонымен қатар family / семья / отбасы концептісінің үш тілде түрлі жиілікте көрініс табуы дискурстық бейімдеудің тілдік ерекшеліктерін айқындады. Мақала нәтижелері көркем аударма сапасын арттыруға және этномәдени мазмұнды тиімді жеткізуге практикалық үлес қосады.

Түйін сөздер: отбасылық дискурс, салыстырмалы талдау, «Жаза» романы, аударма, трансформация.

 

Автор өмірбаяндары

  • Д. Дауылова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Дауылова Динара Жакыпбековна – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: dinaradauylova@gmail.com)

  • Г. Қазыбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы (корреспондент автор) – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: kazybek_68@mail.ru)

  • Д. Коксал, Чанаккале Онсекиз март Университеті, Түркия, Чанаккале қ.

    Динчай Коксал – филология ғылымдарының докторы, профессор, Чанаккале Онсекиз март университеті (Түркия, Чанаккале қ., e-mail: dkoksal@yahoo.com)

  • М. Джамалдинова, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Джамалдинова Манат Тургантаевна – аға оқытушы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: mdzhamaldinova@inbox.ru)

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Аударма теориясы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары