Қазақстан университеттерінде екі шет тілін қатар оқытудың құрылымдық-әдістемелік моделі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2022202622

Аңдатпа

Қазақстан университеттерінде шет тілдерін қатар оқыту екі шет тілін оқу жоспарына бір мезгілде енгізумен ғана шектелмейді, ол оларды біртұтас білім беру үдерісінің өзара байланысты компоненттері ретінде әдістемелік тұрғыдан үйлестіруді қажет етеді. «Шетел тілі: екі шетел тілі» сияқты педагогикалық білім беру бағдарламаларында ағылшын тілі әдетте бірінші шет тілі ретінде, ал француз, неміс, қытай немесе басқа тіл екінші шет тілі ретінде оқытылады. Алайда нақты тәжірибеде екі тіл көбіне жеке пәндер ретінде жүргізіліп, олардың силлабустары, академиялық сағат көлемі және оқытушылар арасындағы үйлестіру деңгейі әртүрлі болады. Бұл екі шет тілінде коммуникативтік құзыреттілікті дамыту мақсаты мен межтілдік тасымал, контрастивті талдау және интерференцияны басқару тетіктерінің жеткіліксіздігі арасындағы әдістемелік қайшылықты туындатады.

Мақаланың мақсаты – шет тілдерін қатар оқытудың әдіснамалық негіздерін айқындау және ағылшын тілін бірінші шет тілі, француз тілін екінші шет тілі ретінде оқытуды үйлестіруге арналған құрылымдық-әдістемелік модель ұсыну. Зерттеу құзыреттілік, коммуникативтік-когнитивтік, контрастивтік, интегративтік және метатілдік тәсілдерге негізделеді. Зерттеу әдістері ретінде білім беру бағдарламалары мен силлабустарды талдау, диагностикалық сауалнама, ауызша сұрау және теориялық модельдеу қолданылды. Эмпирикалық зерттеуге 2024–2025 оқу жылында ағылшын-француз тілдік комбинациясымен байланысты 83 респондент қатысты: 76 студент пен түлек және 7 оқытушы.

Зерттеу нәтижелері негізгі қиындық үйлестірілген әдістемелік жүйенің болмауында екенін көрсетеді. Мақалада қатар оқытудың негізгі шарттары анықталды: тақырыптарды синхрондау, контрастивті грамматикалық және лексикалық тапсырмалар, метатілдік саналылық, тілдік тасымал мен интерференцияны басқару, оқытушылардың үйлестіруі және CEFR негізіндегі бағалау. Ұсынылған модель мақсаттық, мазмұндық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, процессуалдық және бағалау-диагностикалық компоненттерден тұрады. Оның практикалық маңызы оқу бағдарламаларын жобалауда, силлабустарды әзірлеуде және аудиториялық жұмыста қолданылуымен байланысты.

Түйін сөздер: шет тілдерін қатар оқыту, әдістемелік үйлестіру, межтілдік тасымал, метатілдік саналылық.

Автор өмірбаяндары

  • А. Контек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Контек Айым Майбекқызы – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: aiym.kontekova@gmail.com)

  • А. Куздыбаева, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.

    Куздыбаева Ақмарал Аманбайқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Қазақстан, Ақтөбе қ., e-mail: ulpen@mail.ru)

  • Ф. Исмаилова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Исмаилова Фариза Кенжеғалиқызы – постдокторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: fari1996@mail.ru)

  • А. Саурикова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Саурикова Айнур Муратбековна – магистр, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: a.saurikova@yandex.ru)

Жарияланды

2026-06-29

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары