В. Ерофеевтің "Москва-Петушки" поэмасындағы постмодернизмнің философиясы мен эстетикасы

Авторлар

  • S. Baratov Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph12

Аннотация

Постмодернизм бірыңғай философиялық жүйе мүмкіндігін мойындамайтын қазіргі уақыттағы гуманитариядағы жай ғана бағыт емес. Бұл элементтердің комбинаторикасы бойынша күрделі және эклектикалық құбылыс. Ол дүниені түйсінуге ғана емес, сонымен бірге осы дүниенің- (әлемнің) кодтық жүйесі ретіндегі мәтінді де түйсінуге әсер ететін құбылыс. Бұл мақала философия және эстетика тұрғысынан постмодернизм феноменін (құбылысын) түсінуге деген талпыныс болып табылады. Постструктурализмге негізделген постмодернизм идеяларының дамуына диахроникалық көзқарас білдіре отырып, біз эстетикалық шынайылыққа деген көзқарастың біртіндеп өзгергендігін көрсетуге тырысамыз.

Орыс постмодернизмі, біздің талдауымыз көрсеткендей, өзінің қосалқылығын жеңе отырып, жеке аутентикалық мәнмәтінде дамыды. Орыс әдебиеті маскүнем, еселаң, делқұлы «құтырған» кішкене ғана адам образын – кейіпкердің жаңа типін жасап шықты. Субъектінің мұндай типі заңдылық: аберрацияға бейімделген сананы дүниенің ыдырауға деген энропикалық қозғалыс идеясымен өзара байланыстырады. Постмодерникалық мәтін поэтикасының белгілері түсіндірудің көпнұсқалығы, интермәтінділік, әлемге мәтінге қарағандай көзқарас.

Біздің талдауымызға В.Ерофеевтің «Москва - Петушки» деген поэмасы материал ретінде алынды. Оның бірмезгілде автор жіне мәтінді әңгімелеуші ретіндегі кейіпкері мәтіннің эхокамерасына енгізілген және қалыптасқан дүниені өзіндік ирония мен агностицизмдік модусі арқылы әлсіретуге әсер етеді.

Түйінді сөздер: постмодернизм, эстетика, поэтика, философия, в.Ерофеев, «Москва – Петушки».

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-29

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение