Ф. Достоевский шығармашылығы және мәдениетаралық диалог аспектісіндегі америкалық Оңтүстік әдебиеті

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2022202616

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Ф. Достоевский шығармашылығы негізінде мәдениетаралық коммуникация концептісін америкалық Оңтүстік әдеби сыны мен жазушыларының қабылдауы тұрғысынан зерттеу. Бұл тақырыпқа жүгінудің негізділігі реформадан кейінгі Ресейдегі әлеуметтік-саяси және адамгершілік ахуалдың, соның ішінде отбасы институтының жағдайы Америка қоғамында Азамат соғысы, Реконструкция кезеңі және Ұлы депрессия тұсында орын алған деструктивті үдерістермен ұқсас болуымен түсіндіріледі. Осы ұқсастық америкалық жазушылардың «орыс хаосын» және «кездейсоқ отбасы» құбылысын сипаттаған орыс классигінің әдеби мұрасына назар аударуына себеп болды. Мақалада Ф. Достоевский отбасының құлдырауы мен адамгершілік-рухани дағдарысты еңсерудің жолын православиелік аксиология аясынан, Құдайлық бастауға, жалпыадамзаттық бауырластыққа сенуден және буржуазиялық индивидуализмнің қауіпті доктринасынан бас тартудан іздегені тұжырымдалады. Америкалық Оңтүстік жазушылары да отбасылық байланыстардың ыдырау себебін тұлғаның өзімшіл «мені» шеңберіндегі қауіпті оқшаулануынан көріп, ең әлсіз әрі қорғансыз жандарға, әсіресе балалық шақ әлеміне қоғамдық эмпатия таныту қажеттігі жөніндегі Достоевский ойларымен үндес болды. Алайда америкалық авторлар үшін бұл мәселенің шешімі қандай да бір Жоғары сыртқы күшке сүйенуде емес, экзистенциалдық адами құндылықтар жүйесінің өзінде көрініс тапты. Осыған байланысты олар отандастарын жеке және әлеуметтік өмірдің аса күрделі дағдарысты жағдайларында стоицизм мен жеке ерлік танытуға шақырды.

Түйін сөздер: мәдениетаралық коммуникация, көркем мәтін, ұлттық бірегейлік, ұлттық қабылдау, салыстырмалы-типологиялық талдау.

Автор өмірбаяндары

  • Г. Бекен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Бекен Гаухар – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: new.sgb.509@gmail.com)

  • Е. Ломова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Ломова Елена Александровна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail:  elena_lomova@mail.ru)

  • Е. Арзиева, Нархоз университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Арзиева Евгения Руслановна ‒ PhD, доцент, Нархоз университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: belong_to_dreams@mail.ru)

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-29

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары