Көптілділікті зерттеудің психолингвистикалық және нейролингвистикалық аспектілері
DOI:
10.26577/EJPh202220266Аңдатпа
Қазіргі көптілділік жағдайында бірнеше тілдің өзара әрекеттесу тетіктерін, олардың меңгерілу және адам санасында өңделу ретін зерттеу ерекше өзектілікке ие болып отыр. Бүгінде көптілділікті тек әлеуметтік лингвистикалық құбылыс ретінде ғана емес, сөйлеу әрекетінің ерекшеліктері мен тілдер арасындағы өзара ықпалдастыққа негізделген күрделі когнитивтік үдеріс ретінде қарастыратын интегративті зерттеу тәсілі өзекті болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстандағы тілдік ахуал көптілділікті зерттеу үшін ерекше ғылыми қызығушылық тудырады. Ғылыми дереккөздерге жасалған шолу қазақстандық ғалымдардың психолингвистика саласындағы зерттеу қызығушылығы негізінен балалар қостілділігіне, оқу үдерісіндегі қостілділікке, ана тілді, екінші және шетел тілдерін меңгеруге, интерференция үдерістеріне және сөйлеу қателеріне бағытталғанын көрсетті. Қазақстан ғылымындағы нейролингвистикалық зерттеулер қалыптасу кезеңіндегі бағыттардың бірі болғанымен, соңғы жылдары бұл салаға деген қызығушылықтың артып келе жатқаны байқалады. Мұны әдіснамалық жарияланымдардың көбеюі, ғылыми орталықтар мен институттардың құрылуы, сондай-ақ сапалы ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы құрал-жабдықтардың сатып алынуы дәлелдейді. Мақалада кешенді сипаттамалық әдіс, түйінді сөздер әдісі және дефинициялық талдау элементтері қолданылды. Зерттеу материалдары ретінде ғылыми жарияланымдар, лексикографиялық дереккөздер мен оқу-әдістемелік әдебиеттер пайдаланылды. Жүргізілген талдау Қазақстандағы көптілділікті психолингвистикалық және нейролингвистикалық тұрғыдан зерттеудің келешегі зор екенін көрсетті.
Түйін сөздер: көптілділік, бірінші тіл, екінші тіл, психолингвистика, нейролингвистика.








