Ethno-cultural values in modern Kazakh stories
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph7Abstract
Мақалада қазіргі қазақ әңгімелерінің даму сипаты, тақырыптық-идеялық бағыты мен түрлі
ізденіс мәселесі сөз болады. Қазақстан егемендігін алғаннан кейін Қазақ әдебиетіне көп көңіл
бөлінді. Жаһандану аясында қазақ әдебиетін тереңірек зерттеу үшін біріншіден тәуелсіздік
алғанға дейінгі көркем шығармаларды сыни тұрғыда зерттеу, сонымен қатар әлемдік әдебиетпен
салыстыру керек. Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ әңгімелерінің тақырыптық, стильдік, көркемдік
әдіс тұрғысынан жаңаруы мен авторлық шешім, адам тағдырының бейнелену жаңашылдығы
М.Мағауин, Қ. Жұмаділов, Т. Шапай шығармашылығы негізінде талданады. Тәуелсіздік алғаннан
кейінгі жылдары жарық көрген шығармалар нысанға алынып, зерттелді. Постмодернизмнің
әдебиетпен бірге қатарласа отырып үндесу мәдениеті жанрлық дүниелердің бірқалыпты
болуына әкелетіндігі, ұлттық-генетикалық және кірме жанрлардың типологиялық біртектілігін
анықтайтындығы сараланды. Зерттеу нәтижелері қазіргі қазақ әдебиетінің даму үдерісін,
құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды. Мақалада шығарманың көркемдік табиғатын зерделеуге
үлкен мән берілгеніне қарамастан, шығарма авторының дүниетанымы бүкіл қазаққа ғана емес,
жалпы адамзаттық мұра құндылықтарына сай келетіні маңызды және құнды. Жазушылардың
өмірлік дәстүрге негізделген шынайы өнері жаңару қабілетін көрсетеді. Көркем әңгімелер жүйесі
өзара әртүрлі күрделі жүйелердің әрекеттесу процесінде қалыптасады. Мақалада тарихи және
көркемдік шындық мәселелері мен мәдени, фольклорлық дәстүрлер мен әдебиет сабақтастығы
түсіндіріледі