Сөз тіркесі мен жәй сөйлем синтаксисі.Синтаксис словосочетания и простого предложения.

Авторы

  • A. T. Ashyrova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы
        704 129

Ключевые слова:

сөз тіркесі, жүйе, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, cинтаксис, словосочетание, система, простое предложение, сложное предложение, грамматика, лексикология,

Аннотация

Синтаксис – сөз тіркесітуралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі. Сөз тіл білімінде лексиология мен семасиологияның зерттеу объектісі болуымен қатар, грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда қаралады. Ал сөздің сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі, кейде сөйлем қызметтерінде жұмсалуы синтаксисте қаралады. Сондай-ақ тіркескен сөз топтары да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөз, негізінде дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарым-қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем құраудың материалы деп білеміз. Синтаксис– наука о строении словосочетаний и предложений. Слова между собой сочетаются по определенным правилам. У словосочетания и предложения есть свои системы и свои законы. Синтаксис исследует правила построения связной речи. Синтаксис казахского языка как грамматическая наука исследуется в двух направлениях: синтаксис словосочетания и синтаксис предложения. Последний делится на синтаксис простого предложения и синтаксис сложного предложения. Исследуемые в рамках синтаксиса вопросы тесно соприкасаются с областью изучения морфологии. Морфология – это та часть грамматического строя языка, которая объединяет грамматические классы слов, принадлежащие этим классам грамматические категории и формы слов. Таким образом, в центре морфологии находится слово с его грамматическими изменениями и грамматическими характеристиками. Слова как единицы грамматические и лексические группируются в части речи, т. е. в грамматические классы слов, объединяющиеся, во-первых, на основании того обобщенного значения, которое отвлечено от лексических и грамматических значений всех слов данного класса, и, во-вторых, на основании характерного для каждого такого класса комплекса грамматических категорий.

Библиографические ссылки

1 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – Б. 69.
2 Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Қазақ
университеті, 2003. – Б. 86.
3 Әбуханов Ғ. Қазақ тілі.– Алматы:Мектеп,1982. – Б. 98-99.
4 Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі.– Алматы:Мектеп,
1971. – Б. 26-85.

Загрузки

Как цитировать

Ashyrova, A. T. (2015). Сөз тіркесі мен жәй сөйлем синтаксисі.Синтаксис словосочетания и простого предложения. Вестник КазНУ. Серия филологическая, 152(6). извлечено от https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/838