Ақтан мен Ақбала айтысы
Аннотация
Мақалада Ақтан мен Ақбала айтысы туралы айтылады. Ақтан мен Ақбала айтысы 1921
жылы Жәйір деген жерде өтеді. Ақбала өте алғыр, хат танитын дарынды ақын болған. Ақтан да
бұдан бұрын да бірнеше айтысқа түсіп, ақын атанған азамат. Екеуі бір қыздың ұзатылу тойында
айтысады. Айтыста отбасы, ошақ қасын сөз етіп қоймай, аса бір үлкен әлеуметтік мәселелерді
көтереді. Мәселен, екі ақын айтысында Гоминдаң үкіметінің озбырлығынан қайтыс болған, ел
қамын ойлаған батырларды (Қожаберген, Демежан, Зуха, Оспан т.б.) тілге тиек етеді. Солардың
арманда кеткен әруақтарын елге үлгі етеді. Сонымен бірге, айтыста халықтың ішкі береке
бірлігі кеңінен сөз болады. Әсіресе айтыстың бір ұтымды тұсы туған жерді қадір тұта асқақтата
жырлауы. Айтыста Ақбала жеңіледі. Себебі ол Жәйірдегі қоныстанған руларды таратып
бере алмай ата тек шежіреге келгенде сүрінеді. Айтыс өте көркем, мұнда дәстүрлі көркемдік
құралдар да, ақындар өз ойларынан тапқан ажарлы айшықтар да жиі қолданылады. Сондықтан
бұл айтыстың мән маңызы ерекше. Әрі осы айтыс Қытай және Монғолия қазақтарына кеңінен
тараған алғашқы айтыстардың бірі болып табылады. Әсіресе бұл айтыстың ел тарихына қатысты,
халықтың мұң мұқтажына, өмір тіршілігіне жан-жақты тоқталып тереңнен ой қозғауы айтыстың
мәнін арттыра түседі.