Қазақ әдебиетіндегі «жеті» санының символикасы

Авторлар

  • Tazhibaeva Sh.A .

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph8
        1022 193

Аннотация

Бұл мақалада қазақ әдебиетіндегі «жеті» санының символикасының ерекшелігі қарастырылған.
«Жеті» санының сиқырлы сырын аша отырып, ата-бабаларымыздың жеті саны туралы танымтүсінігін айқындау және XIX-XX ғасырдағы қазақ ақындарының шығармалары талданған.
Ежелгі заманнан бері сандар көптеген халықтардың өмірінде маңызды рөл атқарып келеді.
Кейбір сандардың мағынасы өте терең, әрі ерекше қасиеттілігі болған. Сонымен қатар кейбір
сандар тылсым бір сиқырлы күшке қатысты болды. Қазақ мәдениеті де бұдан тыс қалмады.
Жиі қолданылатын сандардың ішінде қазақ халқы арасында жеті саны ерекше орын алады.
«Жеті» санының символикасы қазақ мәдениетінде және әдебиетінде қазақ халқының дүниетанымы
туралы дәстүрлі көзқарасын айқындайды. «Жеті» саны тұтастық пен тиянақтылықпен байланысқан
қасиетті әрі іргелі ұғым.
Қазақ ақындарының шығармаларында «жеті» саны: өмір мен өлімнің, бабалармен рухани
және шежірелік байланыстың, халықтың этномәдени естелігін білдіреді. «Жеті» Шәкәрімнің,
М.Мақатаевтың, Қ. Мырза-Әлидің, М. Шахановтың шығармаларында негізгі сөз болып табылады.
«Жеті» киелі саны көптеген сөздермен байланыса отырып, бай символикалы мағынаға ие болатын
ұғым. Бұл күллі дүниенің өлшемі, бақыт пен өмірдің көрінісі ретінде «жеті жұлдыз», «жеті күн»,
«жеті төбе», «жеті мәрте», «жеті ата» т.б. ұғымдардан көрініс табады.

Жүктелулер

Как цитировать

., T. S. (2019). Қазақ әдебиетіндегі «жеті» санының символикасы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 175(3), 45–58. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph8

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение