Ғылыми дискурстағы орфоэпиялық және просодикалық ерекшеліктер
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph11Аннотация
Қазіргі таңда қазақ тіл білімінде дискурс мәселесі біршама зерттеліп, түрлері анықталды.
Мақалада қазіргі қазақ тіл біліміндегі ғылыми дискурс мәселелері және ғылыми дискурстағы
орфоэпиялық және просодикалық ерекшеліктер эксперименттік зерттеудің нәтижесінде
талданып берілді. Қазіргі қазақ тіл білімінде дискурстың сөйлеу коммуникациясымен, адамның
санасымен, яғни когнитивтік лингвистикамен тығыз байланыстылығы жайында көптеген ғалымдар
өз зерттеулерінде жан-жақты қарастырып келеді. Алайда әрбір дискурстың ерекшелігін зерттеп,
эксперименттік зерттеу жүргізу қазіргі кезде қажет-ақ. Әсіресе қоғам қайраткері ретінде
танылып жүрген, ойын ашық айтатын ғалымдардың, саясаткерлердің дискурсын зерттеп, ондағы
орфоэпия мен просодика мәселелерін зерттеу заман талабына сай қажеттіліктен туындап отыр.
Осымен байланысты қазіргі жастардың сөзінде орфоэпиялық норма сақталмай келеді. Сондықтан
мақалада просодикалық және фонетикалық тұрғыдан талданған мәтіннің орфоэпиясы үлгі
ретінде ұсынылып беріледі. Сонымен қатар эксперименттік зерттеуге қазақ тіл білімінде өзіндік
орны бар белгілі ғалым профессор Ф. Оразбаева мен М. Малбақовтың дискурсынан үзінді
алынды. Зерттеу барысында ең алдымен ғалымдардың дискурсындағы орфоэпиялық норманың
сақталуы және просодикалық, яғни интонациялық жағынан өзгешеліктері негізге алынып,
экспермент жасалды. Интонациялық белгілер аудиторлық зерттеудің нәтижесінде қойылып,
талданды және интонациялық жағынан ерекшелігі көрсетілді.