Джеймс Мориердің «Саяхат» кітабындағы мәдениет, әдебиет және ұлттың көркемдік бейнесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph4Аннотация
Мақалада Джеймс Мориердің «Саяхат» кітабындағы материалдар негізінде ұлттың,
әдебиет, мәдениеттің әдеби сипаты туралы мәселелер қарастырылады. Батыс әдебиетінде
өзіндік орны бар қазіргі салыстырмалы әдебиеттануда бірден бір стратегиялық бағыты мәдениет
пен ұлтты зерттеу болып табылады. Мақалада ағылшын дипломаты және жазушысы Джеймс
Мориер (1780-1849) өзінің Ирандағы дипломатиялық қызметі барысында әзірбайжан халқының
тарихын, мәдениетін, сонымен қатар әдеби ескерткіштерді жан-жақты зерттегендігі жайында
айтылады. Оның «Саяхат» туралы еңбегі мәдениет пен әдебиетке қатысты тарихи фактілер
жинағы болып саналады. Және де жазушының терең білімін көрсетеді. Әзірбайжантану қазіргі
ғылымда үлкен қызығушылық тудырып отырған бірден бір бағыт.
Джеймс Мориердің «Саяхат» кітабында нақты тарихи тұлғалар мен кейіпкерлер сипатталады.
Олар арқылы XIX ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи жағдайды нақты әрі дәл түсіндіреді, сонымен қатар ұлттық колоритті аңғартады. «Саяхат» кітабының тағы бір ерекшелігі –
әзірбайжан халқының әдебиеті мен мәдениетін сипаттайтын ескерткіштердің айқын көрінісі.
Мақала әзірбайжантану тақырыбындағы мәнмәтіннің әдеби байланыстарына арналған. Зерттеу
барысында әзірбайжан халқының әдеби, мәдени өмірінің ең маңызды тұстары ашылады және
қарастырылады. Мақалада Джеймс Мориердің «Саяхат» кітабы бойынша алынған тарихи
жағдайлар мен оқиғалар, ұлттық бейнелер жан-жақты талданады. Және де мақала авторы тек
бұл романмен шектеліп қоймай, атақты ағылшын жазушысының өзге де шығармаларын зерттеу
жұмысында пайдаланады.
Автор мақаласында Джеймс Мориерді тек дипломат және ағылшын елінің елшісі ғана емес,
XIX ғасырдың дарынды реалист жазушысы ретінде танытады. Оған әзірбайжан концептісін
танытудағы Парсы аумағындағы саяхат барысында жазылған жазбалары дәлел. Джеймс
Мориер өз еңбегінде Зороастризм дінін сипаттауға зор көңіл бөледі. Және оның Парсы
аумағына тарағандығын түп төркіні әзірбайжан мәдениетінен шыққандығы баяндалады. Зерттеу
барысында қасиетті кітап Зороастрдің шәкірті болған Джамаз арқылы жеткендігін автор алға
тартады. Сонымен қатар мақалада қозғалған тақырып алғаш рет ғылыми ортаға шығып отыр.