Орыс тілін үйретудегі интерактивті түрлері: студенттік оқу-ғылымдық конференциясы мен ғылыми жобаны қорғау

Авторлар

  • Ye.B. Chekina L. Aldabrenkyzy M.M. Meirbekova

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph28
        33 30

Аннотация

Жұмыс көкейкестігі болып оқу барысына студенттік конференцияны өткізу
және зерттеу жобасын енгізу кіреді. Оқыту үлгісін жасағанда кәсіби, жалпы және арнайы
құзырлықтарды қалыптастыру қажет. Интерактивті оқытудың бұл екі түрі аталмыш құзыреттерді
қалыптастыруға бағытталған. Жұмыс мақсаты – студенттердің өзіндік жұмысын орындаудағы
біліктілік жүйесін қалыптастырудың пәнаралық стратегиясын әзірлеу. Жұмыста эмпирикалық
және теориялық зерттеу әдістері қолданылған. Студенттердің кәсіби шығармашылық санасын
дамыту – жұмыстың маңызды нәтижесі. Жұмыстың мұндай түрі тек академикалық қана емес,
сонымен қатар студенттердің интерактивті түрлерді қолданудағы ішкі уәждемесін дамытады.
Жобалық әрекет нәтижесінде студенттер тақырып таңдау; көкейкестілікті анықтау; зерттеу
тақырыбын дайындау; зерттеудің мақсаты мен міндеттерін белгілеу; ақпараттың түрлі көздерімен
жұмыс істеу; алынған ақпаратты талдамаға түсіру; глоссарий мен библиографиялық сілтемені,
ғылыми жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкес безендіру; сонымен қатар алынған нәтижелерді
әдеттегі әрі ерекше түрде ұсыну қабілеттерін көрсетеді. Мұнымен бірге студенттер ғылыми
ортада көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын игереді. Зерттеу жобасын және студенттік ғылыми
конференциясында сөйлеу дағдыларын бағалау критерийлерін анықтауға да аса назар аударылды.
Жалпылама критерийлер қатарына келесідей талаптар енді: тақырып өзектілігі, проблематикаға
қажетті ауқымда әрі тереңдікте ену, нәтижелерді көрсету мен дәйектеу, көпшілік алдында
сөйлеу дағдылары: сөйлеудің тілі мен стилі, сөйлеудің еркін/еркін емес (мәтінге сүйену/сүйенбеу),
оппоненттер сұрақтарына жауап бере алуы, жауаптарының қысқа да нұсқа болуы.

Жүктелулер

Как цитировать

M.M. Meirbekova, Y. C. L. A. (2020). Орыс тілін үйретудегі интерактивті түрлері: студенттік оқу-ғылымдық конференциясы мен ғылыми жобаны қорғау. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 176(4), 204–210. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph28

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы