Ұлы ұстаздың қасіреті

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph1
        57 70

Аннотация

Мақала филология ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Қ. Жұмалиевтің қазақ
әдебиеттануына қосқан еңбектеріне арналады. 1932 жылы КазПИ-ді бітірген Қ. Жұмалиевті
Қазақстан Халық ағарту комиссариаты Орал қаласында жаңадан ашылған педагогикалық
институтқа оқытушылық қызметке жібереді. Оқулықтар мен оқу құралдарының жоқ кезі. Жас
маман әдебиет тарихы мен теориясы туралы оқулықтар жазуды ойластырады. Сауатты оқулық
жазу үшін поэтика мәселелеріне көңіл бөледі. Тақырыпты қаза зерттеу жолында әдебиеттегі
«ұлттық рух», «характер» туралы ұғымдарға көңіл аударады. Оқу құралдарының алғашқы
үлгілерін жазу барысында әдебиет теориясының қадау-қадау қағидаларын қайта қарау қажет
болды. Бұлардың арасында қазақ әдебиеті мәселелерімен үйлеспейтін орыс оқулықтарының
күмәнді жерлері жеткілікті еді. 1941 жылы «ХVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» деген
тақырыпта кандидаттық, 1946 жылы «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының
тілі» тақырыбындағы докторлық диссертация қорғайды. Бірақ, академик-ұстаз, ғалымның Кеңес
одағы идеологиясының ұлттық рух пен ұлтшыл әдебиетке жапқан сорақы жалалары бағытында
қудалауға ұшырап түрмеге қамалады. Бұл зерттеулер тоқталады. Кейін ақталып шыққан соң да
оған арнайы орала алмайды. Қазақ әдебиеті тарихында дара орны бар ірі ғалымның қиындыққа
толы ғылыми жолы мына мақалада жан-жақты деректі талдаулар негізінде қозғалады.

Жүктелулер

Как цитировать

., Z.-G. B. (2020). Ұлы ұстаздың қасіреті. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 179(3), 4–16. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph1

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение