Узус және интерференция мәселелері (қостілділер сөйлеуі мысалында)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph10
        63 100

Аннотация

Қазақстан қоғамында болып жатқан тілдік үдерістер лингвист, әлеуметтанушы, саясаттанушы, этнолог, педагог және психолог ғалымдардың назарын аудартуда. Бүгінгі таңда қазақ тілінің функционалды мәртебесінің және оған деген қатынастың өзгеруіне зерттеушілер ерекше көңіл бөлуде. Еліміздің мемлекеттік тілі мәртебесіне ие бола отырып, өткен жиырма жылдықта қазақ тілі саясат, іс жүргізу, ғылым және білім сияқты қарым-қатынастың негізгі салаларында маңызды рөл атқара бастады. Оның нәтижесінде, қостілділік жағдайындағы қазақ тілінің орны мен мәртебесі де өзгеріске ұшырады. Берілген мақала орыс-қазақ қостілділігін және оның билингвтердің сөйлеу әдебіне әсерін зерттеуге арналған. Мақалада билингвизм түрлері сипатталып, зерттеудің метатіліне баса назар аударылған. Билингвизм теориясына қатысты лексикографиялық дереккөздерге, отандық және шетелдік зерттеушілердің жұмыстарына негізделе келе, екі тілдің қалыптасуына, қолданылуына және билингвтің қалыптасуына жәрдемдесетін және/ немесе кедергі келтіретін факторларды талқылай отырып, авторлар «бірінші тіл», «екінші тіл», «отбасылық тіл», «ана тілі» терминдеріне берілген түрлі анықтамаларды келтіреді. Мақалада қазақ тілі Т2 болып табылатын билингв қазақтардың тілі мен сөйлеуін зерттеу үшін жүргізілген арнайы тәжірибенің алдын ала нәтижелері және әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы тіркелген лексикалық, фонетикалық және граматикалық деңгейдегі узуалды құбылыстардың талдауы көрсетілген.

Жүктелулер

Как цитировать

W.P. River, Z. I. G. N., ., G. N. , & ., W. R. (2020). Узус және интерференция мәселелері (қостілділер сөйлеуі мысалында). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 179(3), 86–95. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph10