Ш. Уәлихановтың ұлттық және тарихи колоритті тасымалдаушы ретіндегі шығармаларының лингвомәдени ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph6Аннотация
Бұл мақалада тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, фольклортанушы, ағартушы Ш. Уәлихановтың әлемге қазақ халқы туралы, оның дәстүрлері, діні, елдің алатын орны, эпосы, аңыздары мен дастандары, сонымен қатар Қазақстанның флорасы мен фаунасының алуан түрлілігін, ландшафтының өзіндік ерекшелігін, қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін көрсетіп, мәлім еткен еңбектерінің талдау нәтижелері сипатталған. Ғалымның еңбектері Орта Азия халықтарының тарихын, мәдениеті мен әдебиетін зерттеуге үлкен үлес қосты. Оның шығармашылық мұрасы ұлттық шеңберден шығып, мәдениетаралық коммуникация, мәдениетаралық білім аясында әлемдік ғылымға үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін. Мақалада Ш. Уәлиханов шығармаларындағы кейбір ұлттық лингвомәдени ерекшеліктерімен қатар, қазақ халқының ұлттық шынайылығы мен қызмет ету ерекшеліктері көрсетілген, тарихи дәуірдің, мәдениеттің, ұлттық сипаттың, мекеннің ерекшеліктерін жеткізетін шындыққа ерекше назар аударылған. Шындық дегеніміз бір халықтың өміріне, тұрмысына, мәдениетіне, әлеуметтік-тарихи дамуына тән және басқа халыққа таныс емес заттарды, құбылыстарды, заттардың аттарын, ұлттық және/ немесе уақыттық, өзге тілдегі дәл сәйкестіктер жоқ сипаттамасын білдіреді.