Қазақстандағы жарнаманың әлеуметтікмәдени және лингвистикалық аспектілері

Авторлар

  • I. G. Orazbekova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы, http://orcid.org/0000-0002-6140-010X
  • A. A. Muldagaliyeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы, http://orcid.org/0000-0002-5630-608X
  • A. I. Rustemova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы, http://orcid.org/0000-0002-9327-3248

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph9
        108 97

Аннотация

Мақалада жарнаманың әлеуметтік-мәдени және лингвистикалық ерекшеліктері қарастырылады, өйткені қарым-қатынас нысаны ретінде жарнама мәдениетті, дәстүрді, қоғамдағы өзгерістерді, мінез-құлықтың әлеуметтік-мәдени нормаларын, өмір сүру деңгейі мен елдегі экономикалық жағдайдың деңгейін көрсетеді. Мақалада Қазақстандағы жарнаманың мәдени элементтері Герт Хофстеденің мәдени өлшемдер теориясы және психолог Шалом Шварцтың құндылықтар теориясы тұрғысынан қарастырылады. Адамдар әлемді маркетингте шешуші рөл атқаратын мәдени құндылықтар призмасы арқылы қабылдайды. Мәдени құндылықтар тұтынушылардың маркетинг техникасына деген реакциясының маңызды факторы болып табылады, өйткені әр қоғамда құндылықтар мен басымдықтардың жиынтығы бар. Осыған сүйене отырып, тұтынушының мінез-құлқын білу үшін мәдени құндылықтар мен оларды пайдалану қабілеттерін білуді талап етеді. Әлеуметтік-мәдени талдау елдің географиялық жағдайына, табиғи-ресурстық әлеуетіне және халықаралық қатынастардың дамуына байланысты. Қазақстандағы жарнаманың мәдени құндылықтарына Батыс және Шығыс мәдениеттерінің элементтері кіретіндігін көрсетеді. Жарнама тілінің лингвистикалық талдауы тілдік және мәдениаралық аспектілердің өзара байланысын көрсетеді: қазақ тілінің сөздері орыс тіліндегі жарнама мәтінінде және керісінше кездеседі; қазақ тіліндегі жарнамада кездесетін кірме сөздері ерекше орын алады, өйткені жарнама өмірдің әр түрлі салаларындағы инновациялық үдерістер мен өзгерістерге тез жауап береді.

Жүктелулер

Как цитировать

Orazbekova, I. G., Muldagaliyeva, A. A., & Rustemova, A. I. (2021). Қазақстандағы жарнаманың әлеуметтікмәдени және лингвистикалық аспектілері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 180(4). https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph9

Шығарылым

Бөлім

Языкознание