Көсемше оралымды сөйлемдердің семантикалық аспектісі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph28Аннотация
Мақалада қазақ тілін оқыту үдерісінде функционалды-семантикалық табиғаты толық ашылып сипаттала бермейтін көсемшенің моносубъектілі құрылымдар ішінде сөйлем мазмұны мен құрылымын күрделендіруші қызметі етістіктің лексика-семантикалық топтарының өзара байланысы мен семантикалық қатынастың түріне қарай талданды. Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті болып табылады. Өйткені көсемше оралымды сөйлемдердің коммуникациядағы қызметі мен оның қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған оқулықтарда берілуі арасында үлкен айырмашылық бар. Етістіктер арасындағы мағыналық байланыстың қайталамалы сипаты адам танымында білім қорын қалыптастырып, ол категориялық белгілерге ие болды. Зерттеу барысында көсемшенің коммуникациядағы қызметінің когнитивті моделін анықтау маңызды болды. Көсемшенің грамматикалық категория ретінде когнитивті моделін құрайтын фреймдік компоненттердің мазмұнын сипаттау, жіктеу, қазақ тілін оқыту үдерісінде аталған категорияны жүйелі меңгертуге көмектесер еді. Көсемше адам танымында байланыстары концептуализацияланған (қайталамалы сипатқа ие) бірнеше әрекеттердің байланысын жеткізетін форма ретінде қалыптасқан. Тілдік материалдарға жасалған семантикалық талдау көсемшенің төмендегідей концептуалды фреймдік сценарийін анықтады: көсемше негізгі етістікке қосымша қабаттасатын әрекетті атайды; көсемше негізгі етістікпен әртүрлі мезгілдік арақатынас орната алады; негізгі әрекеттің өту динамикасын сипаттайды; негізгі әрекетті тудырушы себеп – әрекетті білдіреді; көсемше сөйлеушінің не бақылаушының негізгі әрекетке көзқарасын, бағасын жеткізеді. Семантикалық қатынастың түрі сөйлемдегі негізгі етістіктің лексика-семантикалық тобына қарай анықталады.