Аударма теориясына қойылатын талаптар
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph33Аннотация
Аударма теориясының әр түрлі аспектіде қаралуын сипаттай келе оларға қойылатын талаптарда қарастыру мәселелері қарастырылған. Аударма теориясы дербес пән, дамып келе жатқан ғылым саласы ретінде аударма практикасына қарама-қарсы қойылады. Алайда, бұл екеуі де бір құбылыстың екі жағы, екі ғылыми көрінісі екендігі сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде, “аударма теориясы” “аударматану” ұғымымен сәйкестігін қарастырамыз. Аударма теориясы – біріншіден, қостілді қатысымның қисынды жолмен негізделген моделі, екіншіден, екі тіл жүйесінің ғылыми негізде салыстырылуы. Ешбір ғылым өз тарихының зерттелуін білмей, дами алмайды. Ғылым тарихы мен оның теориясының аралығында тығыз байланыс бар, теория танымның жүйелік, жалпы құрылымы болса, ал тарих – таным процесін жеткізу. Ғылым мен оның тарихы үнемі даму үстінде болады. Барлық ғылым сияқты аударма теориясы да – фактілерді теориялық жолмен жинақтау жүйесі, тәжірибенің нәтижесі. Үшіншіден, аударма теориясы – түпнұсқа мен аударма мәтіндері аралығындағы өзара қатысы бар заңдылықтарды зерттеп, аударманың әдістемелік мәселелері мен техникасын жасайтын ғылыми бағыт. Бұл зерттеулерде терминжасамның ғылыми принциптері мен шарттары анықталып, сөздік жасау, салалық терминжасам мәселесі арнайы қарастырылды. Дегенмен қазіргі кездегі ғылыми лексиканың бір құрамдас бөлігі, жеке бір терминдік жүйені – тіл білімі терминологиясын даралап зерттеудің маңыздылығы өте зор.