Туу», «біту», «жаралу/жаратылу» етістіктері: лексика-грамматикалық сипаты, валенттілігі (Абай шығармалары материалдары негізінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph16
        42 55

Аннотация

Мақала етістіктердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері мен валенттілігін Абай шығармашылығы материалдарында зерттеуге арналған. Абай шығармашылығы негізінде етістіктердің валенттілігін зерттеу бұрын Абайтануда қарастырылмаған. Мақаланың жаңалығы авторлардың «туу» – «біту», «жаралу» синонимдік қатары ретінде танылатын етістіктердің қазақ танымындағы және Абай шығармашылығындағы көрінісінде үш өлшемді әлемге тиесілі іс-қимыл атаулары екенін анықтауында болып отыр. Бұл үшін туу етістігі мен онымен мәндес сөздердің грамматикалық, когнитивтік семантикалық құрылымын, мағыналық қатынастарын қазақ тіліндегі, сондай-ақ Абай поэзиясындағы қолданысы салыстырылған. Бұл етістіктердің валенттілік ерекшеліктері анықталып, арғы қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық әлеуетін көрсететін тіл семантикасында сақталған ерекше құбылыстарды айқындайтынын дәлелдейді, тіл табиғаты туралы тосын болжам жасайды. Зерттеудің мақсаты – қазақтың төл тіліндегі етістік құрылымдардың бойында сақталған ұлттық ойлау мазмұнын зерделеу арқылы Абай тіліндегі «туу», «біту», «жаралу/жаратылу» етістіктерінің лексика-грамматикалық ерекшелігін ашу, валенттілігін негіздеу, олардың қайтадан өз деңгейінде қолданыс табуына ықпал ету. Нақты талдауға алынған етістіктердің қазіргі тілдесім мазмұнындағы табиғатын тануға бағытталған эксперименттік талдау нәтижелері зерттеу барысында қолданылған ақын шығармашылығы мәтініне лингвистикалық талдау арқылы алынған нәтижелермен ұштастырылады. Бұл өз кезегінде ұлттық тілдің көркем мәтінде сақталған мазмұны мен қазіргі қолданысындағы ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

Жүктелулер

Как цитировать

Aitova, N. N., & Mussaly, L. Z. (2021). Туу», «біту», «жаралу/жаратылу» етістіктері: лексика-грамматикалық сипаты, валенттілігі (Абай шығармалары материалдары негізінде. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 178(2), 124–130. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph16