Драматургиядағы тартыс психологиясы және кейіпкерлерді даралай мінездеу поэтикасы...

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph8
        39 152

Аннотация

Зерттеу жұмысында бүкіләлемдік сөз өнеріндегі әдеби тек түрі драма жанрларының (драма, трагедия, комедия) теориялық негізі драматургиядағы көркемдік жалғастық дәстүрінің тарихипоэтикалық қалыптасу негіздері ғылыми жүйелене жаңаша қарастырылған. Драматургия туындыларының әдеби шығармашылық пен театрлық-сахналық қойылым тұтастығымен жүзеге асырылатын негізгі сипаты ғылыми тұжырымдалған. Туындыларын әдеби және театрлықсахналық қойылым тұтастығымен жүзеге асырған классикалық драматургия тарихындағы көрнекті драматургтердің ұлттық және бүкіләлемдік театр өнерінің қалыптасуы мен дамуындағы шығармашылық маңызы бағаланған. Драматургияның поэтикалық заңдылықтары негізінде жазылған пьесалар композициясындағы әдеби поэтикалық сипат және қозғалыс іс-әрекеттері тәсілдерінің (монологтар, диалогтар, мимика, ремарка), сахналық-техникалық жабдықтардың (мизансцена, декорация, актерлерді гримдеу, сахналық киімдер, жарық беру, т.б.), шығармашылық тұлғалар (автор-драматург, қоюшы режиссер, актер) қызметтері тұтастығымен жүзеге асырылатындығы жан-жақты сипатталған. Шeкспирдің әдeби қызмeті жиырмa eкі жылғa жaлғaсқан болса, сoның oн eкі жылы eң жeмісті кeзең сaналады. Oсы уaқыт ішіндe oл көркeмдік тұрғыдaн eң жoғaры трaгедиялaрын жaзaды. Тaқырыбының бaйлығы, идeялық бaғытының aйқындығы және тұрмыстық oқиғaлaрдың тeрeң рeaлистік көрініcі Шeкcпир трaгeдиялaрын биік сaтығa көтeрді. Сoл сeбeпті oның дрaмaлық шығaрмaшылығы дүниe жүзі тeaтрлaрының сaхнaсындa бeрік oрнығып, бүгінгі күнгe дeйін көрeрмeндерді тoлғaндырып кeлeді. Ал әлем өркениетіндегі классикалық жанрлар үлгілерімен үндес туындыларымен өзіндік даму белестерінен өткен XX ғасырдың басындағы қазақ драматургиясына із қалдырған М. Әуезов трагедияларында да әлеуметтікпсихологиялық тартыстың (конфликт) және кейіпкерлерді даралай мінездеудің поэтикалықпсихологиялық ерекшеліктері айқын бейнеленген. Сондықтан классикалық драматургиядағы Виллиам Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» және Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» трагедиялары – көркемдік дәстүр жалғастығы болып табылады. Бұл қаламгерлердің драматургиясындағы тартыс психологиясы мен кейіпкерлерді даралай мінездеу поэтикасын зерттеу әрқашан өзекті мәселе болмақ.

Жүктелулер

Как цитировать

., T. T., & ., N. N. (2021). Драматургиядағы тартыс психологиясы және кейіпкерлерді даралай мінездеу поэтикасы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 181(1), 73–81. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph8

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение